Жүгіру

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
A.
Жүгіру.

Жүгіру, спорттық жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі бір түрі. Оның тегіс жерде әр түрлі қашықтыққа жүгіру (жүгіру жолымен және тас жолмен), кедергілі (барьерлі) жүгіру (сондай-ақ стипль-чейз), кросс, марафондық жүгіру сияқты түрлері бар. Археологиялық ескерткіштер жүгірушілер бәсекесінің ежелгі дәуірлерден бастап дамығанын көрсетеді. Б.з.д 776 жылы 1-ші Олимпиялық ойындар бағдарламасында жүгіруден жарыс өткен. Жарыс жолының қашықтығы 192 метр 27 сантиметрге тең болып, ол “стадидром” деп аталған. Яғни, сол кездегі жарыс өткен стадионның жалпы ұзындығына сәйкестеліп алынған. 17 ғасырдың орта кезінен бастап, Англияда кәсіпқой жүгірушілер пайда болды. Олар, көбіне, алыс қашықтықтарда сынға түсті. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде желаяқтар жарысы туралы аңыз, әңгімелер бұрыннан белгілі. Ереже бойынша жүгіру өнері қазақ топырағына 19 ғасырдың соңына таман жетті. Ресми жарыстар, негізінен, 20 ғасырда өтті. Жүгіруден қазақ жастары арасында бірінші болып Ғұсман Қосанов 17-ші Олимпиялық ойындарда (1960, Рим қаласы) 4*100 метрлік эстафеташылар бәсекесінде күміс жүлдегер атанды. Ал қысқа спринттік қашықтыққа жүгіруші Әмин Тұяқов 1966 ж. Еуропа кубогін еншіледі. Сонымен қатар (1966 – 2000 жылдар аралығында), С.Исамбаев, Ә.Байтықов, Е.Жамбылов, Б.Күреңкеев КСРО жарыстарында әр түрлі қашықтықтарда жүгіріп, елеулі табыстарға қол жеткізді. Кедергілі жүгіруден 2000 жылы О.Шишигина Сидней Олимпиядасының алтын медалін жеңіп алды; қ. Жеңіл атлетика.

Қысқа қашықтықтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

-60 м ; -100 м; -200 м

Орта қашықтықтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

-800 м ; -1500 м; -2000 м; -3000 м;

Алыс қашықтықтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

-5000 м ; -10000 м; -20000 м ; -30000 м .

Ерлердің жүгіретін қашықтықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

100 м; 200 м ; 400 м; 800 м; 1500 м; 3000 м; 5000 м; 10000 м; 20000 м.

Кедергілер арқылы жүгіру қашықтықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

110 м ; 200 м ; 400 м .

Жүгірудің эстафеталық түрінің қашықтықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

-4х 100 м ; -4х 200 м ; -4х 400 м ; -4х 800 м ; -4х 1500 м .

Әйелдер үшін

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

-жүру қашықтықтары : 3 км , 5 км; -жүгіру қашықтықтары : 60 м , 100 м , 200 м , 400 м , 800 м , 1500 м , 3000 м; -марафон : 30000 м ; -кедергілер арқылы жүгіру қашықтықтары : 100 м , 200 м , 400 м ; -эстафеталық жүгіру қашықтықтары : 4х 100 м , 4х 200 м , 4х 400 м , 4х 800 м .

[1][2]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы
  2. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9

Дене шынықтыру : Жалпы білім беретін мектептің 3 - сыныбына арналған оқулық;