Жиренше (шөп)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жиренше (шөп)
Aristolochia didyma
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Magnoliids
Сабы: Piperales
Тұқымдасы: Aristolochiaceae
Кіші тұқымдасы: Aristolochioideae
Тегі: Aristolochia
Карл Линней[1]
Species

Over 500, see text

Синонимдері

Hocquartia Dum.
Isotrema Raf. (disputed)

Сурет:Aristolochia baetica a.JPG
ЖИРЕНШЕ

Жиренше (Arіstolochіa) – жиренше тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.


Негізінен тропиктік және субтропиктік аймақтарда тараған 350-дей түрі белгілі. Қазақстанда өзен жағалауларында, шалғындарда және бұталар арасында өсетін 1 түрі – шырмауықты жиренше(А. clematіtіs) бар. Биіктігі 90 см-дей, төсемелі тамыры бар, сабағы аз имектелген өсімдік. Жапырақтары жүрек тәрізді, өркенге кезектесіп орналасады. Гүлдері бірнешеуден жапырақ қолтығынан жетіледі, қос жынысты, шашақ гүлшоғырынатопталған. Аталығы 6, аналығы 4, алдымен аналығы жетіліп, содан кейін аталығы жетіледі. Сондықтан жиреншелер жәндіктер арқылы айқас тозаңданады. Мамыр – тамыз айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі – алмұрт тәрізді қауашақ. Жиренше улы өсімдік, оның құрамында алкалоидтар, көптеген активті заттар болады. Халық медицинасында жиреншені тыныс алу жолдарының, бүйрек, кейбір қатерлі ісік ауруларын емдеуге, сондай-ақ уын жылан шаққанда пайдаланады. Сәндік өсімдік ретінде де өсіреді.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Genus: Aristolochia L.. Germplasm Resources Information Network. United States Department of Agriculture (30 қаңтар 2009). Тексерілді, 8 қаңтар 2011.
  2. "Қазақ Энциклопедиясы"