Желкенді спорт
Желкенді cпорт — желкенді қайықтармен, сондай-ақ, крейсерлік яхталармен өткізілетін спорттық жарыс түрі. Жарыс белгіленген маршрут бойынша әр түрлі қашықтықта өткізіледі. Қайықтың (яхтаның) жүзу бағытын өзгерту желкенді бұру арқылы іске асырылады. Желкенді cпорт 17 ғ-дың ортасында Нидерланд мемлекетінде пайда болды. Алғашқы желкенді регата жарысы Ұлыбританияда өткен (1661). Халықарaлық желкенді cпорт одағы 1907 жылы ұйымдасқан. 1990 жылы оған 80-нен астам мемлекет мүше болды. Олимпиялық ойындар бағдарламасына 1900 жылы енгізілген. 1922 жылдан дүниежүзілік чемпионат өткізіліп келеді. Қазақстанда алғашқы ресми жарыс 1956 жылы Балқашта өтті. Желкенді cпорт Алматы облысында (Қапшағай бөгенінде), Қарағанды (Балқаш көлінде), Атырау және Маңғыстау (Каспий теңізінде) облыстарында жақсы дамыған.[1]
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы,3 том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |