Жасылша
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Жасылша | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||||
15 түрі белгілі |
Жасылша, купырь (лат. Anthriscus) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір және екі жылдық өсімдіктер туысы. Еуразияда кездесетін 20-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда Солтүстік, Батыс Тянь-Шань тауларының шыршалы ормандарында, тау беткейлерінде, өзен бойларында, таудың мәңгі мұз жататын шыңдарында өсетін 2 түрі (мұзшыл жасылша, ұқсас жасылша) бар. Бұлардың биіктігі 1 м-ден асады. Сабағы тік, қырлы, бұтақтанған. Жапырақтары екі, үш кейде бірнеше рет қауырсынды тілімденген, екі жағы да түкті болады. Гүлдері ақ түсті, күрделі шатырша гүлшоғырына топталған. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жемісі ұзынша, екі бүйірінен қысыңқы. Кейбір түрін тағамға пайдаланады, балды өсімдіктер. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы"
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |