Жасушалық иммунитет
Жасушалық иммунитет, кейде жасуша-жетектеуіш иммунитет (ағылш. Cell-mediated immunity) — ешқандай антиденелер, немесе комплемент жүйесі қатыспайтын иммундық жауап қайтару түрі. Жасушалық иммунитет барысында макрофагтар, табиғи киллерлер, антигендер тәрізді цитотоксикалық Т-лимфоциттер және антигенге жауап ретінде цитокиндер бөлінеді.
Иммунды жүйе екі бөлікке бөлінген — гуморальдық иммунитет жүйесі және жасушалық иммунитет жүйесі. Гуморальдық иммунитетте қорғаныштық қызметін жасушалар емес, қан плазмасында орналасқан молекулалар атқарса, жасушалық иммунитетте қорғаныштық қызмет иммундық жүйенің жасушаларымен тығыз байланысты.
Жасушалық иммундық жүйенің қорғаныштық қызметін атқаруы(тәсіл)
[өңдеу | қайнарын өңдеу]• макрофагтар мен табиғи киллерлердің активтілеуі→жасушаның ішіндегі патогендерді жояды; • цитокиндердің секрецияларының қосылуы(қолдау)→туа пайда болған және жүре пайда болған иммундық жауап қайтаруға қатысатын иммундық жүйенің басқа жасушаларына әсер етеді және т.б.
- Т-хелперлер: В-лимфоциттердің жасушалардың антидене түзілуіне көмектеседі.
- Т-киллерлер: Цитотоксикалық жасушалар ағзаның вируспен зақымдаған жасушаларын жояды.
- Т-супрессорлар: Қанға бөлінетін заттар барлық лейкоциттердің белсенділігін төмендетеді.
Жасушалық иммунитет неден қорғайды?
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жасушалық иммунитет, әрине, басқа жасушаларды жоятын және фагоциттерде тірі қалатын микроорганизмдерге қарсы бағытталған. Жасушалық иммунитет вирустармен инфекцияланған жасушаларға қарсы тиімді болып келеді. Сонымен қатар, бұл иммунитеттің түрі әртүрлі саңырауқұлақтар, қарапайымдылар, жасуша ішіндегі бактериялар мен ісік жасушаларынан қорғануға ат салысады.
Жасушалық иммундық жүйе жұмысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Фагоциттік қасиеті бар Т-лимфоциттер антигенді таниды→ангтигенді өзіне қарай тартады→ антиген жасушаға енеді→ жасушадағы ыдырату қасиеті бар лизосома ангигенді жояды→ антиген қорытылады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|