Мазмұнға өту

Жанаргүл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жанаргүл
көктем жанаргүлі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Eudicots
Сабы: Ranunculales
Тұқымдасы: Ranunculaceae
Тегі: Adonis
Карл Линней

Жанаргүл (лат. Adonis) – сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір не көп жылдық шөптесін өсімдік. Оның шалғында, далалық және таулы жерлерде өсетін 8 түрі бар.


Ең көп тарағаны – көктем жанаргүлі (A. vernalі) биіктігі 10 – 40 сантиметр 3 – 4 сабағы болады, бұтақтары аз. Жапырағы жұмыртқа пішінді, бүтін жиекті. Ашық сары түсті дара гүлі сабағының ұшында жетіледі.

Тұқымынан және вегетативті (өсімді) жолмен, сондай-ақ, тамырсабағы арқылы да көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі – тұқымша.

Көктем Жанаргүлі – дәрілік өсімдік, одан алынатын «Адонизид» препараты және сұйық тұнбасы жүрек ауырғанда, сондай-ақ тыныштандыратын дәрі ретінде қолданылады. Жылтыр жанаргүл (A. chrysocyathus) – биіктігі 15 – 45 см, өте сирек кездесетін реликт, бағалы дәрілік өсімдік. Тұқымынан көбейеді. Маусым – шілде айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Гүлі (жылтыр, сары түсті) әдемі болғандықтан сәндік үшін де өсіріледі. Тянь-Шаньжанаргүлі (A. tіan»chanіca) – биіктігі 7 – 10 см, өте сирек кездесетін, сабағын түк басқан, дәрілік өсімдік. Тұқымынан көбейеді. Мамырмаусым айларында гүлдеп, маусым – шілдеде жемістенеді. шілдедің бұл үш түрі таралу аймағының жылдан жылға азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген[1].[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы
  2. Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Adonis

Үлгі:Stb