Жалпы ұлттық табыс
Жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ) - ел ішіндегі экономикалық қызметтің ғана емес, сонымен бірге елдің басқа елдердегі экономикалық аумағымен байланысты институционалдық бірліктері (меншікті резиденттері) қызметінің де, сондай-ақ осы елдің аумағындағы басқа елдердің осындай байланысы жоқ өкілдері (бейрезиденттер) қызметінің де нәтижелерін сипаттайтын макроэкономикалық көрсеткіш. Жалпылама түрде ЖҰТ-тың есебін мына тәсілмен беруге болады: жалпы ішкі өнімге бейрезидент-бірліктерге төленетін бастапқы табыс шегеріліп, олардан алынатын бастапқы табыс қосылады. Терминді БҰҰ енгізген, бұрын "жалпы ұлттық өнім" деген ұғым қолданылатын. Тұтынылған капиталсыз ЖҰТ таза ұлттық табыс деп аталады, ал ақырғы тұтыну мен жалпы қорлануға жұмсалуы мүмкін табыс — ұлттың иелігіндегі жалпы табыс деп аталады, бұл табыс нарықтық бағамен есептелген ЖҰТ-тан бейрезидент-бірліктерге төленетін ағымдағы трансферттерді (өндіріс пен импортқа салынатын салықтарсыз) шегеріп, олардың басқа елдерден алатын ағымдағы трансферттерін қосқандағы шамаға тең. Ұлттың иелігіндегі жалпы табыстан тұтынылған негізгі капиталды (аударылған өтемпұлдық жарнаны) шегеру жолымен таза ұлттық табыс алынады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — экономика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |