Жалалабат облысы
Жалалабат облысы | |||||
Жалал-Абад облусу | |||||
| |||||
Әкімшілігі | |||||
---|---|---|---|---|---|
Әкімшілік орталығы | |||||
Тарихы мен географиясы | |||||
Құрылған уақыты |
21.11.1939 | ||||
Жер аумағы |
33 700 км² | ||||
Тұрғындары | |||||
Тұрғыны |
962 200 адам (2005) | ||||
Тығыздығы |
28,6 адам/км² | ||||
Ресми тілдері | |||||
Сандық идентификаторлары | |||||
ISO 3166-2 коды |
KG-J | ||||
Автомобиль коды |
D | ||||
Жалалабат облысы (қыр. Жалал-Абад облусу) — Қырғызстанның оңтүстік-батысында орналасқан облыс. Орталығы — Жалалабат қаласы.
Халық саны — 1 миллионға жуық адам. Ош және Баткен облыстарымен бірге Оңтүстік Қырғызстан деп аталады — бұл басқа өлкелермен салыстырғанда таулы-тасты жер, ауыл шаруашылығы кең таралса, өнеркәсіп нашар дамыған. Ош, Талас, Шу, Нарын облыстарымен және Өзбекстанмен шектеседі.
Халқының көпшілігі — қырғыздар, одан кейін халық саны бойынша өзбектер көп, орыстар мен орыс тілінде сөйлейтіндердің саны басқа облыстарға қарағанда азырақ. 1999 жылғы деректер бойынша, қырғыздар халықтың 69,9 %-ын құрап — 606 мың адам, өзбектер 24,4 % — 212 мың адам, орыстар 2,1 % — 18 мың адам, татарлар 0,8 % — 7 мың адам болды. Басқа ұлт өкілдері — 25 мың адам, негізгі бөлігі — тәжіктер, түріктер және күрттер. Қырғызстандағы қазақтардың 2,5%-ы Жалалабат облысында тұрады.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жалалабат облысы 8 ауданға бөлінеді:
- Ақсы ауданы (орталығы — Кербен)
- Алабұқа ауданы (орталығы — Алабұқа)
- Базарқорған ауданы (орталығы — Базарқорған)
- Наукен ауданы (орталығы — Масы)
- Созақ ауданы (орталығы — Созақ)
- Тоғызтарау ауданы (орталығы — Қазарман)
- Тоқтағұл ауданы (орталығы — Тоқтағұл)
- Шатқал ауданы (орталығы — Қанышқия)