Еуропалық конституция

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Еуропалық Конституциясының әр түрлі нұсқалар

Еуропалық конституция (Еуропаның Конституциясы) - 2004 жылының 18 маусымда Еуропа елдері басшыларының жоғары кездесулері кезінде тарихтағы тұңғыш Еуропа конституциясының жобасы жасалды. Бүл 2,5 жыл күрделі әрі қиын жүмыстың қорытындысы болды, ол екі кезеңнен тұрды:

  • 2002 жылының ақпаны - 2003 жылының шілдесінде Еуропалық конвентті шақырып, өткізу. Конвенттің Төрағасы (бұқаралық ақпарат құралдарында Еуропалық конституцияның "атасы" атанған) Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д'Эстен болды;
  • Конвент дайындаған Конституция жобасы Еуропалық Одақтың мүше-мемлекеттерінің үкіметаралық конференциясына талқылауға берілді (2003 жылында қазан - 2004 жылында маусым), соңғы тұжырымы 2004 жылында 17-18 маусымы аралығында өткен жоғары деңгейдегі кездесулерде жасалды.

Құжаттың толық аты - "Еуропалық Конституция орнату Келісімі". Бүл атау бір жағынан осы құқықтық құжаттың мазмұнын, түрін, қызмет ету әрекетін білдірсе, екінші жағынан, халықаралық ұйым және федеративті мемлекет элементтерін бойына сіңірген Еуропа Одағының жанжақты құқықтық табиғатын көрсетуге бағытталған. Еуропалық Конституцияның Келісімдік түрі оның мәтінін бекітудегі, түзетулер енгізудегі "соңғы сөзді" мүше-мемлекеттерге қалдырады. Еуропалық Одақ Конституциясының қабылдануы - Еуропа құрлығының басым бөлігін қамтитын аймақтық конституциялық құқықты қалыптастыруда түбегейлі жаңа үрдістің пайда болуының көрінісі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3