Ескекаяқты құстар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Ескекаяқты құстар
Қазбалық ауқымы: Late Cretaceous–Recent
Қоңыр бірқазан (Pelecanus occidentalis)
Қоңыр бірқазан (Pelecanus occidentalis)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Ықшам табы: Neognathae
Сабы: Pelecaniformes (disputed)
Sharpe, 1891
Тұқымдастары

Anhingidae
Fregatidae
Бірқазандар
Суқұзғындар
Sulidae

Ескекаяқты құстар, бірқазантәрізділер (лат. Pelecaniformes) – суда жүзетін құстар отряды.


Дүние жүзінде солт. аймақтардан басқа жердің барлығында дерлік мұхит, теңіз жағалауларында, ірі өзен-көлдерде тараған 6 тұқымдасы, 55 түрі белгілі. Қазақстанда 2 тұқымдасы (бірқазандар, суқұзғындар), 2 туысы, 4 түрі бар. Денесі ірі, мойны едәуір ұзын, қанаты жалпақ, ұзын, аяқтары қысқа. Е. қ-дың барлығына тән қасиет – төрт саусақтарын біріктіріп тұратын саусақтарының арасында жарғақтары болады (отрядтың аты осыған байланысты аталған). Фаэтондардан басқасында, мойын қапшығы болады. Денесі тығыз және қалың қауырсындармен жабылған. Суда жақсы жүзеді, көпшілігі жақсы сүңгиді. Су жағалауындағы жартастарға, ағаш басына (суқұзғын), қалың қамыс, бұталар арасына, су жиегіндегі салын үстіне (бірқазан) топталып ұялап, 1 – 3, кейде 5 – 7 жұмыртқа салады. Моногамдар. Балапандарын аналығы мен аталығы бірігіп басып шығарып, қоректендіреді. Негізгі қорегі – балықтар мен су жануарлары. Е. қ-дың 5 түрі және 1 түр тармағы қорғауға алынып, Халықар. табиғат қорғау одағының және 2 түрі Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энцклопедиясы