Екпе запыран

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
 Басқа мағыналар үшін Бәйшешек (мағына) деген бетті қараңыз.
Екпе запыран

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Asparagales
Тұқымдасы: Iridaceae
Кіші тұқымдасы: Crocoideae
Тайпасы: Croceae
Тегі: Crocus
Түрі: C. sativus
Екі-есімді атауы
Crocus sativus
L.

Екпе запыран (лат. Crocus sativus) – құртқашаштар тұқымдасының бәйшешек туысына жататын биологиялық түрі. Ең көне екпе өсімдіктің бірі, біздің дәуірімізден 4 мың жыл бұрын Ежелгі Ассирия мен Ежелгі Мысырда белгілі болған. Оны әсемдік өсімдік ретінде ғана емес, әр түрлі тағамға тұздық ретінде және бояу ретінде қолданылатын ашық бояуға боялған аналық ауыз үшін де өсіреді. Көпжылдық түйнек жуашықты өсімдік, биіктіг 10-30 см, құртқашаштылар тұқымдасы. Түйнекті жуашық-талшықты жапырақшалар жабынған жайпақ шар тәрізді, шиыршықты түбінде көптеген қосалқы тамырлар бар. Жапырақтары салалы, сабақтары қысқарған, ұшында ірі ақшыл-күлгін түсті гүлі болады. Діңгекшесі ұзын, гүлден шығып тұратын қызғылт-сары қызыл үш жікке бөлінген аналық аузы бар. Қауашағы үш ұялы, дәндері ұсақ. Қыркүйектен қараша айына дейін гүлдейді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Жасыл Аптека кітабы,Алматы, Қайнар, 1992, ISBN 5-620-00483-X