Дөңтұмсық тұрпан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Дөңтұмсық тұрпан

Амандық күйі

Least Concern (IUCN3.1)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Құстар
Сабы: Қазтәрізділер
Тұқымдасы: Үйрек
Кіші тұқымдасы: Бейнарық
Тегі: Melanitta
Түрі: M. deglandi
Екі-есімді атауы
Melanitta deglandi
(Bonaparte, 1850)
Түршелері
  • M. d. stejnegeri
  • M. d. deglandi
Синонимдері

Melanitta fusca deglandi, Melanitta fusca stejnegeri

Дөңтұмсық тұрпан (лат. Melanitta deglandi) - қазтәрізділерге жататын, өте сирек кездесетін және сирек ұялайтын түр.


Шығыс Сібір мен Солтүстік Америкада таралған. Қазақстанда бұл тұрпанның ұялары өткен ғасырдың басында Алтайдың Ресеймен шектес аудандарынан табылған еді. Терең, жағалауы қалың бұталы көлдерді мекендеген. Қазіргі уақытта ол тек көктем мен күзде, онда да жыл сайын емес, ұшып өту кезінде ғана кездеседі. Егер Рахманов бұлақтарында сақталған болса, онда оны қорғау шараларын үйымдастыру қажет.

3-ші санат. Қазақстанда мекендейтін ауданы шектелген өте сирек кездесетін түр.

Генофондысын сақтау үшін таксонның маңызы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Солтүстік Евразияда мекендейтін тұрпандардың бес түрінің бірі.

Солтүстік Америка, Шығыс және Орта Сібірде, Оңтүстік Сібір тауларында, Орталық және Оңтүстік Алтайдың қазақстандық бөлігін қоса мекендейді. Солтүстік Американың мұхит жағалауларында, Қытай, Корея, Жапония мен Қиыр Шығыстың теңіз жағалауларында қыстайды. Қазақстанда бұрында Қалбы тауының шоқ орманды бөлігіндегі көлдерде ұялаған, ол жерлерден XX ғасырдың 60-шы жылдары кеткен. Қазір негізгі ұялайтын жерлері Бұқтырма және Қара-Қаба өзендерінің алаптарында[1][2][3], Рақманов және Үшкөл көлдерінде[4][5][6][7], Листвяга жотасының солтүстік-шығысында[8][9] шоғырланған. Марқакөлнде миграция кезінде кездеседі[10]. Алакөл көліне ұшып келгені де белгілі[11].

Мекендейтін жерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жағалаулары тасты және суы мөлдір, теңіз деңгейінен 1800-2400 м биіктікте орналасқан тайгалық, субальпі және альпілік көлдерде мекендейді.

Алтайдың қазақстандық бөлігінде 2001-2007 жылдары 150-200 құс болған. Көлдерде әдетте біреу, сирек екі жұбы және көбеюге қатыспайтын 10-20 құс мекендейді[12][13].

Негізгі әсер ететін факторлар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қаскерлік жолмен аулау, көлдерді шаруашылық мақсатта игеру, рекреациялық маңызы бар су қоймаларында мазалау факторы, балықшылар ауларында өлім-жітімге ұшырау. Көбеюінің ойдағыдай өтуіне ауа-райының жағдайлары (көктемгі-жазғы қарлатып күн суыту, нөсер жаңбыр, бұршақ жауу) және жыртқыштар (бұралқы иттер, түлкілер, су күзені және басқалар) әсерін тигізеді.

Биологиялық ерекшеліктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көктемде мамырдың аяғында – маусымның басында тау көлдерінде мұз еріген соң ұшып келеді, қыстауға қазанда ұшып кетеді. Аталығы мен мекиені көбею маусымында жұп құрып бірге болады. Ұясын жағалаумаңы шөптердегі тастардың арасына салады және мамық төсейді. Ұяда 6-9 жұмыртқа маусымда пайда болады. Балапандары көлдерде шілдеден қыркүйекке дейін бірге болады, кейде бір жерге 20-ға дейін шоғырланады. Су насекомдарының дернәсілдері және майда балықтармен қоректенеді[14].

Қолда өсіру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстанның хайуанаттар парктерінде өсірілмейді.

Қабылданған қорғау шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қатон-Қарағай ұлттық паркінде, ал миграция кезінде Марқакөл қорығында қорғалады.

Қажетті қорғау шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жаңа ұялау орындарын анықтау және оларды қорғауға алу. Демалыс зоналарында, әсіресе Рақманов көлдерінде мазалау факторын азайту.

Зерттеу жөніндегі ұсыныстар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ұялау биологиясына зерттеу, Қатон-Қарағай ұлттық паркінің суқоймаларында мониторинг ұйымдастыру.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Стариков, 1991
  2. Стариков, 2005а
  3. Стариков, 2006
  4. Сушкин, 1938
  5. Березовиков, Рубинич, 2001
  6. Стариков, Прокопов, 2002
  7. Прокопов, 2004
  8. Стариков, 2005б
  9. Прокопов, 2005
  10. Березовиков, 1989
  11. Лопатин, Сибгатулин, 1991
  12. Колбинцев, 2006
  13. Прокопов, 2007
  14. Долгушин, 1960