Мазмұнға өту

Дәрілік нарқайсар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Дәрілік нарқайсар

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Lamiales
Тұқымдасы: Нарқайсарлар тұқымдасы
Тегі: Нарқайсар
Түрі: V. officinalis
Екі-есімді атауы
Verbеna officinalis
L.

Дәрілік нарқайсар[1] (лат. Verbena officinalis) – нарқайсарлар тұқымдасына жататын, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Дәрілік нарқайсарды гректер адамға бақыт әкелетін өсімдік деп есептеген. Вербена - өсімдіктің ғылыми атауы. Кельт тіліндегі "фер" - жою және "вын"- тас деген сөзден шыққан.

  • Биіктігі 1 метрге жетеді.
  • Тік өсетін, төрт қырылы сабағы бар.
  • Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан, сағақтары қысқа. Оның орта шеніндегі жапырақтары үш бөлімді. Жоғарғы жағындағы жапырақтары да үш бөлімді, ені ұзындығынан екі-үш есе қысқа. Өсімдіктің ең ұшындағы жапырақтары отырмалы, шеттері бүтін. Әрбір бұтақтың ұштарындағы гүлдері масақ сияқтанып шоғырланып орналасқан.
  • Гүл тостағаншасы бес қалақшадан тұрады. Ақ немесе ақшыл, кейде көк түсті гүлдердің гүл жапырақшалары бесеу.
  • Жемісі - 4 жаңғақша.
  • Нарқайсарлардың иісі жоқ, жолдардың жиегінде, орман ішіндегі алаңқайларда, жалпы табиғаты жылы жерлерде өседі. Жаз бойы гүлдеп тұрады.

Емдік қасиеті

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Құрамында илік заттар, вервенами деген гликозид бар. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жоғарғы жағындағы гүлдеп тұрған бөлігін сабағымен, жапырағымен қосып жинайды.
Халық медицинасында бұл өсімдіктің жапырағынан жасалған дәрілер бауыр мен талақ ауруларына және ревматизмге қарсы, жалпы дененің қуаты азайғанда, бас және тіс ауырғанда қолданады.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан" 1982, 188 бет.