Мазмұнға өту

Дүниежүзілік көрме (1929)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Барселона қаласында өткен дүниежүзілік көрменің логотипі

Дүниежүзілік көрме1929 жылы болған дүниежүзілік көрме.Сондай-ақ бұл іс-шара Испан алаңы атауымен Барселона және Севилья қалаларында қатар өткен шара. Лондондағы Хрусталь сарайы және Париждегі Эйфель мұнарасы бой көтергендіктен испан жұрты да әлем назарына ілігуді, өзінше жаңалық әкелуді мақсат тұтты. Және сол мақсатына жетті. 1929 жылы аталмыш қалаларда Иберия-Америка бүкіләлемдік көрмесі өтіп, әлем жұртының көшін Пиреней түбегіне бұрған болатын. Севилья қаласының оңтүстігінде орналасқан Испан алаңының орнында ортағасырларда халықтың қазына сақтайтын қоймасы болған. 1715 жылы бұл жерде Суидадела қамалының іргетасы қаланды. Алайда, бұл қамалды 1905 жылдарға дейін тек көз сүйсінетін, ресми шаралар өткізетін орынға айналдырды. Ал, Испан алаңының салына бастау 1928- 1929 жылдардан басталған еді. Әрине, осында өтетін Экспо бүкіләлемдік көрмесіне орай Барселонада олимпиадалық стадион да салынып үлгерді. Экспоға байланысты бірнеше ғимараттарды бұзуға тура келді. Он жыл бұрын салынған алыстан менмұндалаған биік мұнаралар, зәулім ғимараттар орнын босатты. Екі бірдей Венециялық мұнара тұрғызылып, Экспо павильондарына жол ашатын қақпа есебінде салынды. Қазір бұл ғимараттар Мария-Кристина ханым көшесінде орналасқан. Сондай-ақ, бұл жерде бүгінге дейін көрмелер мен жәрмеңкелер өткізіліп келеді.

Осы Испан алаңында салынған субұрқақ әлемде теңдессіз сәулет өнерінің жемісі. Бір субұрқақтың негізінде өрлеуді, сенімді, батырлықты, өнерді, тіпті сауданы да көрсетіп тұр. Сондай-ақ, Испан алаңының жан-жағындағы ғимараттар да көненің көзі, ежелгі тарихи ғимараттар. Мәселен, бұрын бұқалармен өнер көрсететін коррида аренасы тарихи ғимараттардың бірі. Бүгінде сауда орталығына айналып кетті. Қалған бөлігі ұлттық көркемөнер мұражайына және көрме орталығына айналған. Испан алаңын көгалдандыру жұмыстары француз ландшафт сәулетшісі Жан-Клод Форьестенің көмегімен жүзеге асты. Субұрқақтың айналасындағы гүлдер, павильондар, бәрі-бәрі сол маманның қолымен жасалды.

Ал, субұрқақты, алаңның айналасындағы доғалдау салынған ғимараттардың барлығы испан сәулетшісі Анибал Гонсалестің шеберлігімен, бас жоспарымен салынды. Сондай-ақ, Анибал Гонсалестің бастамасымен жүзеге асқан ғимараттар 1920 жылдардағы ең танымал арт-деко стилінде бой көтерді. Ал, субұрқақтың айналасында бедерленген дүниелердің барлығы алфабит бойынша рет-ретімен жасалды.[1]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. dic.academic.ru