Донья Пас
«Донья Пас» (ис. MV Doña Paz) — жолаушылар кемесі. [1].
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1987 жылы 20 желтоқсанда Филиппинде үлкен қайғылы жағдай болды.[2] «Донья Пас» паромы Таклобан елді мекенінен Манила қаласына қарай жүзеді. Түнгі 22:30 шамасында Таблас бұғазының жанынан өте бере мұнай және мұнай өнімдерін тасып келе жатқан «Вектор» танкерімен соқтығысады. Ол танкердің ішінде 8800 баррель, яғни 1050 текше метр мұнай болған. Сол мұнай төгіліп, өртене бастайды. Куәгерлердің бірі Пакито Осабельдің айтуынша, теңіз бетін өрт басып, танкердің жалыны паромды да бүркеп алған. Кейбіреулер өрт түтініне уланып, кейбіреулер суға секіреді. Секіргендерінің дені батып кетті. Ал, енді біреулері теңіз бетінде жанған алауға түсіп, түгі қалмай өртеніп кеткен. «Донья Пас» соқтығыстан соң екі сағаттан кейін, ал «Вектор» төрт сағаттан кейін су түбіне кетті. Бұл өңірде акулалар өмір сүретіндіктен, жалпы саны 4 375 адам қаза болған. [3].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ MSNBC World News/Asia Pacific. Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 сәуір 2012. Тексерілді, 8 тамыз 2009. (ағыл.)
- ↑ Doña Paz. Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 сәуір 2012. Тексерілді, 8 тамыз 2009. (ағыл.)
- ↑ R.B.Haworth Search results for "5415822". Miramar Ship Index (2006). Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 сәуір 2012. Тексерілді, 13 желтоқсан 2008. (ағыл.)