Мазмұнға өту

Диполь

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Атом ядросының 1 диамтері 10 ^ -15 м шамалас болатындығын білеміз (8,18 - сурет). Атомның электрондық бұлтының ә радиусы жуықпен 10 ^ -10 м. Ядро мен электрондық бұлттың өлшемін салыстырып, атомның ядросын бұлттың ортасында орналасқан нүкте деп алуға болатынын көреміз, Сыртқы электр өрісі жоқ кезде оң және теріс зарядтардың орталығы сәйкес келеді (8,18, а -сурет). Егер осы атом кернеулігі электр өрісіне түссе, онда бұлт өрістің бағытына қарсы бағытта ядроға қатысты қайсыбір L қашықтықта ығысады (8,18 ә-сурет). Бұлттың барлық теріс зарядын оның орталығында жинақталған деп, ал электр өрісіндегі тұтас атомды шамалары жағынан өзара тең, ал таңбалары қарама - қарсы екі зарядтың жүйесі деп қарастыруға болады, олар бір-бірінен L қашықтықта орналасқан (8,19 сурет). Мұндай жүйені Диполь деп атайды. Демек, атом сыртқы электр өріске тап боллған кезде ол электрлік дипольге айналады, ал диполь диэлектриктегі сыртқы электр өрісін әлсірететін өзінің меншікті электр өрісін тудырады. көбейтіндісі дипольдің электрлік моменті деп аталады. Электрлің момент - дегеніміз - L бойымен теріс зарядтан оң зарядқа қарай бағытталған вектор (8,19 сурет), оның модулі көбейтіндісімен анықталады.

Қолданылған әдебиет

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Физика Б. Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев (Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық) Алматы "Мектеп" 2006 ж.