Мазмұнға өту

Джуди Гарленд

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Джуди Гарленд
Judy Garland
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Фрэнсис Этель Гамм

Туған күні

10 маусым 1922 (1922-06-10)

Туған жері

Гранд-Рапидс, Миннесота, АҚШ

Қайтыс болған күні

22 маусым 1969 (1969-06-22) (47 жас)

Қайтыс болған жері

Челси, Лондон, Англия, Ұлыбритания

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актриса, әнші

Белсенді жылдары

1924—1969

IMDb

ID 0000023

Джуди Гарленд (ағылш. Judy Garland, туған кезінде Фрэнсис Этель Гамм (ағылш. Frances Ethel Gumm, 10 маусым 1922, Гранд-Рапидс, Миннесота, АҚШ – 22 маусым, 1969, Челси, Лондон, Англия, Ұлыбритания) — америкалық актриса және әнші. «Алтын глобус», «Грэмми», «Тони», «Оскар» жүлдесінің номинанты атанған. Лайза Миннелли және Лорен Лафт атты актрисалардың анасы.

Фрэнсис Этель Гамм актерлердің отбасында дүниеге келген. Кішкентайынан өнермен айналыса бастайды. Екі жасында ең бірінші рет сахнаға шығып, апайларымен бірге «Jingle Bells» өлеңін айтады. 1934 жылы Чикагоның шығыс театрында апайларымен бірігіп өнерлерін көрсеткенде үлкен жетістіктерге жетеді. 17 жасында Джуди «Оз елінің сиқыршысы» фильмінің арқасында «Оскар» жүлдесінің иегері атанады. 1937 жылы «Thoroughbreds Don't Cry» фильмінде түседі. Кейін «Summer Stock», «A Star Is Born» және тағы да басқа фильмдерде түсіп, көптеген жүлделердің иесі атанады.

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1941 жылы 19 жасар гарленд 31 жастағы музыкант Дэвид Роуздың әйелі атанады. 1944 жылы ажырасады. 1945 жылы Винсент Миннелли атты режиссерге күйеуге шығады. Олардың Лайза атты қыздары дүниеге келеді. Алайда, 1951 жылы олардың жұптары ажырайды. 1952 жылы Джуди Сидни Лафт атты продюсердің әйелі атанады. Олардың екі баласы бар: Лорен және Джоуи. Кейін Гарленд тағы екі рет күйеуге шығады. 1969 жылы 22 маусымда Джуди Гарленд қайтыс болады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Judy Garland