Джон Роберт Шриффер
Джон Роберт Шриффер | |
ағылш. John Robert Schrieffer | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері | |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Ғылыми аясы | |
Жұмыс орны |
Иллинойс университеті, Урбана-Шампейн |
Альма-матер |
Иллинойс университеті, Урбана-Шампейн (1957) |
Ғылыми жетекші | |
Марапаттары |
|
Джон Роберт Шриффер (ағылш. John Robert Schrieffer; 31 мамыр 1931, Ок-Парк, Иллинойс, АҚШ — 27 шілде 2019) — американдық физик, физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1972, Джон Бардин және Леон Н. Купермен бірге) БКШ-теориясын жасағаны үшін, олардың инициалдарымен аталған.
АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1971), КСРО Ғылым академиясының шетелдік мүшесі (1988).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Иллинойс штатындағы Ок-Паркте Джон Г. Шриффер мен Луиза (қыз күнінде Андерсон) Шриффердің отбасында дүниеге келген. 1940 жылы отбасы Нью-Йорктегі Манхассетке, ал тоғыз жылдан кейін Флорида штатындағы Юстискекөшті. Флоридада тұрған кезінде Джон электр техникасына деген қызығушылығын тудырған қолдан жасалған зымырандар мен радиолармен ойнағанды ұнататын.
Юстис орта мектебін бітіргеннен кейін Шриффер 1949 жылы Массачусетс технологиялық институтына оқуға түсіп, инженер-электрик болуды көздейді. Екі жылдан кейін ол физиканы мамандығы ретінде таңдап, 1953 жылы Джон К. Слэтердің жетекшілігімен бакалавр дәрежесін алды.
1954 жылы Иллинойс университетінде Джон Бардиннің жетекшілігімен диссертация қорғап, магистр дәрежесін алды. Диссертация жартылай өткізгіштің бетіндегі электронды өткізгіштігін зерттеуге арналды. Диссертацияны аяқтағаннан кейін ол Бардинге қосылып, абсолютті нөлге жақын температурадағы асқын өткізгіштік құбылысы мен заттың қасиеттерін зерттеуге кірісті.
1956 жылы Шриффер, Бардин және Купер Купер электронды жұптарының асқын сұйықтығы идеясына негізделген кристалдық қатты денелердегі асқын өткізгіштік теориясын жасады.
Асқын өткізгіштік теориясына қосқан үлесі үшін Шриффер 1957 жылы Иллинойс университетінің докторы дәрежесіне ие болды.
1957—1958 жж. Ұлттық ғылым қорының (АҚШ) постдокторлық ғылыми қызметкері ретінде Шриффер Бирмингем университетінде (Англия) және Копенгагендегі (Дания) Нильс Бор институтында асқын өткізгіштікті зерттеді.
1960 жылы Копенгагенде ол Энн Грете Томсенмен кездесті. Бірнеше айдан кейін олар үйленді. Олардың екі қыз, бір ұлы бар.
1964 жылы Шриффер өзінің БКШ-теориясы туралы «Асқын өткізгіштік теориясы» кітабын жариялады.
1957—1960 жж. Шриффер Чикаго университетінде, 1959 жылдан 1960 жылға дейін Иллинойс университетінде, 1962 жылы Пенсильвания университетінде, 1969—1975 жж. Корнелл университетінде және 1975 жылдан бастап — Санта-Барбарадағы Калифорния университетінде физикадан сабақ берді. Сонымен қатар материалдардың магниттік қасиеттерін, қорытпалардың қасиеттерін және беттік әсерлерін зерттейді.
1972 жылы Шриффер, Купер және Бардин физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды. «Әдетте БКШ-теориясы деп аталатын асқын өткізгіштіктің бірлескен теориясы үшін».
2005 жылы 9 қарашада ол еріксіз кісі өлтіру (өзінің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасы) үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды[1].
Нобель сыйлығынан басқа, Шриффер көптеген марапаттарға ие болды, соның ішінде американдық швед инженерлері қоғамының Джон Эриксон медалі (1976)[2].
Шриффер – бес университеттің құрметті докторы, Америка Ұлттық ғылым академиясының (1971), Америка өнер және ғылым академиясының, Америка философиялық қоғамының және Дания Корольдік өнер және ғылым академиясының мүшесі.
Негізгі басылымдар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Кітаптар
- Bardeen J., Schrieffer J.R. Recent Developments in Superconductivity. — University of Illinois, 1960.
- Schrieffer J.R. Many-body theory. — Argonne National Laboratory, 1962.
- Schrieffer J.R. Theory of Superconductivity. — W.A. Benjamin, 1964.
- Schrieffer J.R. Electronic structure of impurities in metals. — City College, 1969.
- Коэн М., Глэдстоун Г., Йенсен М., Шриффер Дж. Жартылай өткізгіштер мен өтпелі металдардың асқын өткізгіштігі. — М.: Мир, 1972.
- Selected Papers of J. Robert Schrieffer: In Celebration of His 70th Birthday / ed. N.E. Bonesteel, L.P. Gor'kov. — World Scientific, 2002. — doi:10.1142/5030.
- Негізгі мақалалар
- Bardeen J., Cooper L.N., Schrieffer J.R. Microscopic theory of superconductivity // Physical Review. — 1957. — Vol. 106. — P. 162-164. — doi:10.1103/PhysRev.106.162.
- Bardeen J., Cooper L.N., Schrieffer J.R. Theory of superconductivity // Physical Review. — 1957. — Vol. 108. — P. 1175-1204. — doi:10.1103/PhysRev.108.1175.
- Schrieffer J.R., Wolff P.A. Relation between the Anderson and Kondo Hamiltonians // Physical Review. — 1966. — Vol. 149. — P. 491-492. — doi:10.1103/PhysRev.149.491.
- Berk N.F., Schrieffer J.R. Effect of ferromagnetic spin correlations on superconductivity // Physical Review Letters. — 1966. — Vol. 17. — P. 433-435. — doi:10.1103/PhysRevLett.17.433.
- Krumhansl J.A., Schrieffer J.R. Dynamics and statistical mechanics of a one-dimensional model Hamiltonian for structural phase transitions // Physical Review B. — 1975. — Vol. 11. — P. 3535-3545. — doi:10.1103/PhysRevB.11.3535.
- Su W.P., Schrieffer J.R., Heeger A.J. Solitons in polyacetylene // Physical Review Letters. — 1979. — Vol. 42. — P. 1698-1701. — doi:10.1103/PhysRevLett.42.1698.
- Su W.P., Schrieffer J.R., Heeger A.J. Soliton excitations in polyacetylene // Physical Review B. — 1980. — Vol. 22. — P. 2099-2111. — doi:10.1103/PhysRevB.22.2099.
- Arovas D., Schrieffer J.R., Wilczek F. Fractional statistics and the quantum Hall effect // Physical Review Letters. — 1984. — Vol. 53. — P. 722-723. — doi:10.1103/PhysRevLett.53.722.
- Schrieffer J.R., Wen X.-G., Zhang S.-C. Spin-bag mechanism of high-temperature superconductivity // Physical Review Letters. — 1988. — Vol. 60. — P. 944-947. — doi:10.1103/PhysRevLett.60.944.
- Heeger A.J., Kivelson S., Schrieffer J.R., Su W.-P. Solitons in conducting polymers // Reviews of Modern Physics. — 1988. — Vol. 60. — P. 781-850. — doi:10.1103/RevModPhys.60.781.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әдебиет
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Храмов Ю. А. Шриффер Джон Роберт (Schrieffer John Robert) // Физики : Биографический справочник / Под ред. А. И. Ахиезера. — Изд. 2-е, испр. и доп. — М. : Наука, 1983. — С. 302. — 400 с. — 200 000 экз.
- Шриффер, Дж. Роберт // Лауреаты Нобелевской премии: Энциклопедия / Редкол.: Е. Ф. Губский и др.. — М.: Прогресс, 1992. — Т. 2. — С. 763—766.
- Bonesteel N., Boebinger G. J. Robert Schrieffer (1931–2019) // Nature. — 2019. — Vol. 574. — P. 177. — doi:10.1038/d41586-019-03015-3.
- Scalapino D., Kivelson S.A. John Robert Schrieffer (1931–2019) // Science. — 2019. — Vol. 365. — P. 1253. — doi:10.1126/science.aaz2849.
- Arovas D., Boebinger G., Bonesteel N. John Robert Schrieffer // Physics Today. — 2020. — Vol. 73, № 1. — P. 63. — doi:10.1063/PT.3.4395.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Нобель комитетінің сайтынан ақпарат (ағыл.))
|
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 31 мамырда туғандар
- 1931 жылы туғандар
- Ок-Паркте (Иллинойс) туғандар
- 27 шілдеде қайтыс болғандар
- 2019 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері
- Физикадан Нобель сыйлығының иегерлері
- АҚШ Ұлттық ғылым медалімен марапатталғандар
- Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ)
- Ресей ғылым академиясының шетелдік мүшелері
- КСРО Ғылым Академиясының шетелдік мүшелері
- АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері мен корреспондент мүшелері
- АҚШ физиктері
- Мюнхен техникалық университеті құрметті докторлары