Дефолт
Дефолт (ағылш. default – міндеттемені орындамау) – келісімді орындамау, яғни уақытылы пайыздық немесе негізгі қарызды әлде келісімшарт бойынша шығарылған облигациялық (міндеттеме) қарызды төлемеу. Дефолт – деп міндеттемесінің барлығын немесе бір бөлігін орындауға қабілетсіз компания, жеке тұлға немесе мемлекет жариялай алады. Корпаративтік дефолт корпоративтік құқықта маңызды ұғым болып табылады. Бір жағынан дефолт уақытша қаржылық қиыншылыққа тап болған компанияның қорғаушы механизімі болса, екінші жағынан кредиторларды компанияның қарыз төлемеуінен қорғайды.
Дефолт терминін қабілетсіздік пен банкроттық терминінен ажырата білу керек.
«Дефолт» термині негізінен қарыз алушы қарызын міндетті төлеу керек қарызын төлеген жоқ дегенді білдіреді
«Қабілетсіздік» заңды термин ол қарыз алушының қарызын толеуге қабілетсіз екенін көрсетеді.
«Банкрот» термині қаржылық істер соты кімді кабілетсіз немесе дефолт деп таныса, соның заңды айғағы.
Дефолт түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дефолттың түбегейлі әртүрлі екі түрі бар: жай дефолт(банкроттық) жане техникалық дефолт.
Жай дефолт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жай дефолт қарыз алушының міндеттемесін орындай алмауын көрсетеді. Бұл қарыз алушы банкрот банкрот екендігін анықтайды. Егер бұл компания болса оның алдағы жайын анықтайтын (компанияны толықтай сату, компанияны бөліп сату т.с.с) төрелік сот басқармасы тағайындалады. Егер дефолтты жеке тұлға жарияласа, қарыз алушы дефолт деп жарияалағанан кейін бақылау ұлттық заңнамамен жүргізіледі. Егер дефолт деп мемлекет жарияласа, онда қарыздар мен даулар халықаралық деңгейде қаралады.
Техникалық дефолт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Техникалық дефолт қарыз алушының еркіне қарсы туындап, қарызды төлеуге мүмкіндігі жоқ болғанда анықталады. Кейін іс екі жақты келісім арқылы реттеледі. Техникалық дефолт – қарыз алушы келісім шарттарын орындамағанда, бірақ физикалық болашақта орныдай алатын жағдай. Келісім шарттарын орындамау – пайыздық немесе негізгі қарызды толемеу деп меңзелуі мүмкін, сонымен қатар басқа да келісім ережесін бұзу болуы мүмкін. Осындай жағдайда қарыз алушы кредитторға техникалық дефолт жариялайды. Алдағы екеуінің тағдыры дефолт себептері мен мемлекет заңнамасына байлынысты реттеледі. Техникалық дефолт жиі қарыз алушының банкрот болуына алып келеді. Корпоративтік тарихта біраз дефолт болған. Біршама мемлекеттер және әлемдік бизнестің гранттары бір кездері техникалық дефолт жағдайында болған. Анық дефолтқа мысал алсақ, 1998 жылы 17 тамызда Ресей өкіметі бірқатар міндеттемесін төлеуін тоқтатты. Ал 2001 жане 2014 жылдары дефолт Аргентинада, Мексикада – 1994 жылы, Уругвайда – 2003 жылы, Солтүстік Кореяда – 1987 жылы болды. 2015 жылдың 1 шілдесінде Грекия техникалық дефолтқа ұшырады.
Қаржы саласында, дефолт – қарыздың заңды міндеттемесін (шартын) орындамау, мысалы үй сатып алушы ипотекалық төлемін төлеуге қабілетсіз болғанда, немесе корпорация не мемлекет уақыты келген міндеттемесін төлей алмауы. Ұлттық немесе жоғарғы дефолт мемлекеттің ұлттық қарызды төлей алмауы немесе төлеуден бас тартуы. Тарихтағы ең үлкен жеке дефолт Lehman Brothers банкінде $ 600 миллиардтан астам 2008 жылы банкроттыққа арыз бергенде болған. Ал ауқымды жоғарғы дефолт 2012 жылдың наурыз айында Грекияда $ 138,000,000,000 болған.
Ерікті дефолт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ерікті дефолт түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ерікті дефолт екі түрде болады: қарыздық дефолт және техникалық дефолт. Қарыздық дефолт қарыз алушы жоспарлы проценттік немесе негізгі төлемін жасамағанда пайда болады. Техникалық дефолт оң немесе теріс нұсқау шарты бұзылғанда болады. Оң нұсқау кәсіпорынан белгілі капитал деңгейін немесе қаржылық көрсеткішті ұстап тұру талабы көрсетілгіен қарыз шарты. Оң нұсқауда көбінесе жиі таза капитал, жұмыс капитал, қысқа уақытты өтімділік бұзылды.
Теріс нұсқау қарыз берушінің позициясына әсер ететін әрекеттерді(активтерді сату, міндеттемені төлеу) шектейді немесе тиым салады. Теріс нұсқау созылмалы болуы мүмкін. Оң нұсқауды бұзу теріс нұсқауды бұзуға қарағанда сирек болады. Көп қарызда (корпоративтік қарыз, ипотекалық кредит және банктік кредит) жалпы иелік дереу дефолт болғанда төлем болып алынады деп айтылған. Жалпы жағдайда борышкер кредиторға міндеттемесін төлемесе айқасқан дефолт қарыз контракті нұсқауымен ол да нақты дефолт.
Корпоративтік қаржы саласында, нақты расталмаған дефолт, қарыз алушылар әдетте еріксіз банкроттыққа петиция береді. Егер қарыз мүлік кепілдігімен қамтамасыз етілмеседе борышкерлер сотқа банкроттық бере алады, корпорация активі қарызды жабуға қолданылып жатқанан кепілдендіру үшін. Бірнеше дефолтты талдаудың моделдері бар Jarrow-Turnbull model, Edward Altman's Z-score сияқты немесе құрылымдық дефолт моделі Robert C. Merton (Merton Model). жасаған
Егеменді Дефолт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ұлт-мемлекеттер сияқты егеменді карыз алушылар көбінесе банкроттық жағдайда сотқа түсу немесе банкроттық жағдайда қарыз берушілерінің алдында жауапқа тартылудан өз юрисдикциясымен қорғаулы болып келеді. Сол себепті олар еш қасіретсіз дефолт шарасын өткізе алады. Оған мысал ретінде 2015 жылы Халықаралық Қаржы Қорынан алған несиесін қайтар алмаушылықтан дефолт жариялаған Грекия Республикасын келтірсе болады. Осындай жағдайда нисие алушы мен несиелендіруші арасында жаңа, қарыз алушыға тиімдірек жағдайда келісімшарт жасалады. Келісімшарт көбінесе несие пайызын төмендету, қайтарылу уықытын ұзарту және төлемдер шамасын қысқарту шараларынан өтеді. Тағы да мысалдар ретінде: 1998 жылы Ресей Федерациясының ішкі міндеттерің атқара алмаудан дефолт жариялауың, немесе 2002 жылы Аргентина Республикасы Дүниежүзі Банкінен несиеге алған бір миллиард АҚШ долларын қайтара алмаудан дефолтқа ұшырағаның айтуға болады.
Жобалы Дефолт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көлемді экономикалық дағдарыс кезеңдерінде несие алушы ұйымдарға жобалы дефолт жариялау тиімді бола алады. Дефолттың осы түрі басқалай “Басқармалы дефолт” деп аталуы мүмкін. Жобалы дефолтты зерттеумен айналысушы мамандар, осы дефолт түрі ұлттық ішкі міндеметтелерді қаржыландыруда туатын қиындылықтарды шешуде тиімді екенің жариялайды. Оған қоса олардың пайымдауынша дер кезінде өткізілмеген жобылы дефолт несие берушілер мен көрші мемлекеттер экономикасына үлкен зарар тидіруі мүмкін.
Стратегиялық дефолт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Егер міндеттеме алушы (несие алушы) төлемдер жасай алытын жағдайда бола тұра дефолт жариялауға шешім жасаса, ол стратегиялық дефолт болып табылады. Стратегиялық дефолт көбінесе кепілкке алынған несие болған жағдайда жарияланады. Кепілдіктің құны несиенің құнынан төмен болса, стратегиялық дефолт тиімді. Алайда кейбір ұлттық заңдамалар стратегиялық дефолтты заңсыз деп табуы мүмкін.
Егеменді стратегиялық дефолт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мемлекеттер сияқты, егеменді қарыз алушыларды стратегиялық дефолтқа жүгіне алады. Ол жағдайда дефолт “егеменді стратегиялық дефолт” деп аталады. Оған мысал ретінде 2008 жылы Эквадор Республикасының президенті Рафаэль Корреа ұлттық қарыз пайызын төлеуден стратегиялық дефолт жариялауын келтірсе болады.
Тұтынушылық дефолт
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тұтынушылық дефолт көбінесе жалға алу, ипотека және несие алу саласына қасиетті.