Дерматология

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Адамның терісі

Дерматология (грек. derma – тері және logos – ілім) – терінің анатомиясын, гистологиясын, физиологиясын, тері ауруларының себептерін, оларды анықтау, емдеу және алдын алу тәсілдерін зерттейтін медицинаның бір бөлімі.

Сондай-ақ, дерматология құрамына медицина микология да кіреді, ол адам мен жануарларға ауру жұқтыратын саңырауқұлақтарды және олар тудыратын ауру түрлерін анықтайды. Қазақстанда дерматология саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақ КСРДенсаулық сақтау министрлігінің 1931 ж. Тері-венерология ғылыми-зерттеу институты мен 1934 ж. Қазақ медицина институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) жанынан кең профилді дерматология-венерология кафедрасының ашылуымен байланысты дамыды. Емдеу жұмысында Қазақстанның минералды және радонды суы мен шипалы балшықтарын пайдалану, олардың теріге тигізетін әсері зерттеліп, тері ауруларын емдеу әдістері табылды (С.А.Поплавский, Р.Г.Акимочкина, т.б.).

Саңырауқұлақтар тудыратын аурулардың белгілерін, таралу жолдарын анықтап, оларды емдеу, алдын алу әдістерін белгіледі (О.Бердібаев, Г.Қарсыбекова, т.б.). Таз, ақтаңдақ ауруларынан болатын терідегі патогистологиялық өзгерістерге сипаттама берілді (Бердібаев). Тері зақымдалған кезде қан тамырлары мен жүйке жүйелерінде болатын өзгерістер, өнеркәсіпте қызмет істейтін жұмысшылардың экзема, нейродерматоз, түрлі ірің ауруларына шалдығу себептері, аурудың дамуы тәжірибе жүзінде анықталды (Р.Мақашева, А.И.Мартынова, т.б.). Тері физиологиясына, оның патологиялық морфологиясына арналған зерттеу жұмыстары аяқталды (К.А.Калантаевская). Стафилококкты дерматиттер, қызылжалпақ теміреткі, қабыршақты теміреткі ауруларының патогенезі мен белгілері зерттеліп, оларды емдеу әдістері табылды (М.Шәкіров, т.б.). Түрлі тері ауруларын шоғырландырылған күн сәулесімен және энергиясы аз лазер сәулесімен емдеудің тиімділігі дәлелденді (Э.И.Штейккель, В.В.Калугин).[1]

Дерматологтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бөлінетін мамандықтары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • дерматолог;
  • дерматовенеролог;
  • дерматолог-косметолог;
  • трихолог.

Әйгілі дерматологтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Капоши, Мориц;
  • Никольский, Петр Васильевич;
  • Поспелов, Александр Иванович;
  • Фордайс, Джон Аддисон.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

http://www.derma.kz/ru/kagazy.html Мұрағатталған 4 шілденің 2011 жылы.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Энциклопедиясы