Даниэль Пассарелла

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Даниэль Пассарелла Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Лақап аттары

ұлы капитан (ис. El Gran Capitán), Кайзер (ис. El Kaiser)

Туған күні

25 мамыр 1953 (1953-05-25) (71 жас)

Туған жері

Чакабуко, Буэнос-Айрес, Аргентина

Азаматтығы

Аргентина

Бойы

173[1]

Позиция

қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Аргентина Ривер Плейт

Қызметі

президент

Клуб карьерасы[* 1]
1971—1973 Аргентина Сармьенто 36 (9)
1974—1982 Аргентина Ривер Плейт 226 (90)
1982—1986 Италия Фиорентина 109 (26)
1986—1988 Италия Интернационале 44 (9)
1989 Аргентина Ривер Плейт 32 (9)
1971—1989 Барлығы 447 (143)
Ұлттық құрамы[* 2]
1975—1986  Аргентина 70 (22)
Бапкерлік карьерасы
1989—1994 Аргентина Ривер Плейт
1994—1998  Аргентина
1998—2000  Уругвай
2000—2001 Италия Парма
2002—2004 Мексика Монтеррей
2004—2005 Мексика Толука
2005 Бразилия Коринтианс
2006—2007 Аргентина Ривер Плейт
2009—2013 Аргентина Ривер Плейт президент
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Даниэль Альберто Пассарелла (ис. Daniel Alberto Passarella, родился 25 мамыр 1953 жыл, Буэнос-Айрес, Аргентина) — аргентиналық футболшы, қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.

1978, 1986 жылдары әлем чемпионы атанды. Екі дүркін әлем чемпионы атанған Аргентинадағы жалғыз футболшы.

1978 жылғы әлем чемпионатында капитан ретінде ойнады. Топтық кезеңде Францияның қақпасына бір гол соқты.

1986 жылғы әлем чемпионатына барғанымен, бір кездесуде де алаңға шықпады. Оған денсаулығының нашарлығы себеп болса, екінші жағынан құрама бапкері Карлос Билардо мен капитаны Диего Марадонамен ара-қатынасы салқындау болды. Футболшының естеліктеріне сенсек, бапкер мен капитан Пассарелланы алаңға шығармаудың барлық тәсілін қолданған. Есесіне Пассарелла да әлем чемионы атанды.

1989 жылы "Ривер Плейтте" ойнап жүріп карьерасын аяқтады да, артында осы клубқа бапкер болды.

1998 жылғы әлем чемпионатына Аргентина құрамасының бапкері ретінде барды, құрама 1/4 финалдан аса алмады.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ойыншы ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Аргентина чемпионы: Метрополитано 1975, Насьональ 1975, Метрополитано 1977, Метрополитано 1979, Насьональ 1979, Метрополитано 1980, Насьональ 1981
  • Либертадорес кубогының финалисі: 1979 («Ривер Плейт»)
  • Әлем чемпионы: 1978, 1986
  • Аргентинадағы жыл футболшысы: 1976
  • ФИФА 100: 2004

Бапкер ретінде

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Аргентина чемпионы; 1989/1990, Апертура 1991, Апертура 1993
  • Мексика чемпионы
  • Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: 1996
  • Оңтүстік Америка жыл бапкері: 1997

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. daniel passarella. River Plate – rivermillonarios.com.ar.(қолжетпейтін сілтеме)

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]