Далмация патшалығы
Далмация патшалығы нем. Königreich Dalmatien xорв. Kraljevina Dalmacija итал. Regno di Dalmazia кронланд | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
Далмация күлгін түске боялған | |||||||||
Астанасы | Задар | ||||||||
Тіл(дер)і | хорват, италиян | ||||||||
Аумағы | 12 831 км² (1910 жылға қарай) | ||||||||
Халқы | 645 666 адам | ||||||||
Тарихы | |||||||||
- 22 маусым 1815 ж. | Құрылуы | ||||||||
- 29 қазан 1918 ж. | Ыдырауы | ||||||||
Далмация патшалығы (нем. Königreich Dalmatien, xорв. Kraljevina Dalmacija, итал. Regno di Dalmazia) — Габсбург монархиясының вассалдық патшалығы, 1815 жылдан 1918 жылға дейінгі әкімшілік бірлік. Астанасы — Задар.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Далмация патшалығы Француз империясының Иллирия провинцияларынан құрылған, оның аумағы 1815 жылы Вена конгресінің шарттарына сәйкес Габсбургтерге қайтарылды. Патшалық 1918 жылға дейін Аустрия-Мажарстанның жеке әкімшілік бірлігі болған, содан кейін Далмацияның көптеген аумақтары (Задар мен Ластоводан басқа) Словендер, хорваттар және сербтер патшалығының (кейін Югославия патшалығы) құрамына кірді.
Халқы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1880 жылғы Аустрияның халық санағына сәйкес патшалық аумағында тұрған этникалық топтар:
- хорваттар — 371,565
- сербтер — 78,714
- италиялықтар — 27,305
1900 жылы патшалық аумағындағы ірі қалалардың халқы:
Мемлекеттік құрылымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Далмацияның өкілдік органы — Далмация саборы (xорв. Dalmatinski sabor, нем. Dalmatinischer Landtag, итал. Dieta della Dalmazia), ал атқарушы органы — жергілікті комитет (xорв. Zemaljski odbor, нем. Landesausschuss, итал. Giunta provinciale). Жер губернаторы (нем. Landeshauptmann, xорв. Zemaljski poglavar) басшылық еткен, орталық билік наменгер (хорв. Namjesnici, нем. Statthalter) арқылы ұсынылған, жоғарғы сот органы — Жоғарғы жер соты, апелляциялық инстанциялардың соттары — жер соттары, сот жүйесінің төменгі буыны — аудандық соттар.
Билеушілері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Франьо Томашич (xорв. Franjo Tomašić) (1813—1831)
- Венцеслав Лилинберг Ватер (нем. Wenzeslau Lilienberg Water) (1831—1841)
- Иван Август Туршки (пол. Ivan August Turszky) (1841—1847)
- Матия Рукавина (xорв. Matija Rukavina) (1847)
- Йосип Елачич (1848—1859)
- Лазарь Мамула (xорв. Lazar Mamula) (1859—1865)
- Франьо Филипович (xорв. Franjo Filipović) (1865—1868)
- Иван Вагнер (xорв. Ivan Wagner) (1868—1869)
- Готфрид Ауэрсперг (нем. Gottfried Auersperg) (1869)
- Юлиус Флук фон Лейденкрон (нем. Julius Fluk von Leidenkron) (1869—1870)
- Гаврило Родич (xорв. Gavrilo Rodić) (1870—1881)
- Степан Йованович (xорв. Stjepan Jovanović) (1882—1885)
- Лудовик Цомаро (xорв. Ludovik Comaro) (1885—1886)
- Драгутин Блажекович (xорв. Dragutin Blažeković) (1886—1890)
- Эмиль Давид (xорв. Emil David) (1890—1902)
- Эразмус Гендель (нем. Erasmus Handel) (1902—1905)
- Никола Нарделли (xорв. Nikola Nardelli) (1905—1911)
- Марио Аттемс (xорв. Mario Attems) (1911—1918)