Гүлдесте
Гүлдесте
Гүлдесте мен гүл шоқтарын салуға ваза, түрлі сауытта себеттерді пайдалануға болады. Гүлді әдемілеп орнықтыру үшін мүктен тығыздан жасалған және сыртынан жіңішке сымтемірмен шандылған «жастықшаға» бекіту керек. Сондай-ақ керамика, пластмассадан жасалған түрлі бекіткіштерді, металл істікшелерді пайдалануға болады. Кейбір жағдайларда биік вазалардағы гүлдер дұрыс тұруы үшін оның түбіне аздап құм себеді, сосын қарағай немесе шырша бұтағын салып айқастыра байлайды да, сабағы жіңішкелеу гүлдерді (қалампыр, қызғалдақ) соған бекітеді. Гүлдестені құрастырғанда оның қандай болып шығатыщлн алдын-ала ойластырған жөн. Гүлшоғы шатырай немесе тек бір жаққа бағытталуы мүмкін. Ас столына және мерекелік дастарқанға қоятын гүлдестені барлық жағынан бірдей жақсы көрінетін аласа вазаларға салған дұрыс. Ал интерьердің жекеленген бұрыштарын әсемдеуге бір жаққа бағытталған гүлдесте мен композициялар қолайлы гүлдестелердің туған күнге, қалыңдыққа, мүшелтойға, қаралы күнге арналған түрлері болады.
Сәбидің туған күніне арналған гүлдесте
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сәбидің туған күніне арналған гүлдесте шағындау болады және ашық түсті гүлдерден жасалады. Балаларға сыйлайтын гүлдестеге әдемі ойыншықтар мен тіл үйіретін тәтті конфеттер қосса тіпті жақсы. Үлкен кісінің туған күніне оның өзі жақсы көретін гүлден немесе сабағы ұзын әсем гүлдерден (қызғалдақ, гладиолус, қалампыр) жасалған гүлдесте сыйлаған жөн.
Қалыңдыққа арналған гүлдесте
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалыңдыққа арналған гүлдестені ашық түсті (қызғылт, ақ, ақшыл сары) гүлдерден жасайды. Оған раушан, қызғылдақ, қалампыр, сирень гүлдерін пайдалануға болады. Аспарагус, сүмбіл өсімдіктерінің майда бұтақшалары мен ашық түсті лента мұндай гүлдестенің ажарын аша түседі. Қалыңдыққа гүл таңдағанда оның бойын, көйлегінің түсін, қоршаған ортасын да ұмытпаған жөн. Мүшелтойға арналған гүлдестелер ірі, кәдімгі мерекелік гүлдестелерден әлдеқайда салтанатты болып келеді. Оны раушан, лала, гладиолус гүлдерінен жасаған абзал. Қаралы оқиғаға арналған гүлдестелер күңгірт, қоңырқай түсті гүлдерден (қызылқоңыр раушан, гладиолус, нарғыз гүл) жасалады.
Үзілген гүлді күту
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үзілген гүлді ұзақ уақыт сақтау үшін бірқатар ережелерді білген дұрыс. Қай мерзімде үзудің керектігін білудің маңызы ерекше. Фрезия, көкнәр гүлі, нарцисс, амариллис, қызғалдақ және раушан гүлінің бірқатар сорттарын қауызы жартылай не толық ашылған кезде үзеді. Аквилегия, анемон, гладиолус, ирис, лала, лущ, монтбреция, таушымылдық гүлдерін қауызын енді жарып келе жатқанда үзген дұрыс. Темекішөп гүлін, гербер, дельфиниум, сепкілгүл, алтыншар, хош иісті бұршақгүл, барқытшөп гүлін, роза гүлдерінің бірқатар түрлерін қауызын жартылай және толық жарған кезде үзген орынды.
Нарғыз гүл, хризантема, флокс, біржылдық астра, ноготка, цинния, львиный зев гүлдерін толық ашылған кезде үзген абзал. Гүлдерді таңертең ерте немесе кешке күн батқан кезде үзеді. Үзілген гүлдің артық жапырақтарын қиып тастау керек. Гүлдің сабағын су құйылған ыдысқа (тегеш, үлкендеу кастрюль) батырыл тұрған күйі пышақпен (қайшымен емес) қиғаштау етіп кеседі. Сабағы қатты гүлдерді (раушан, астра т. б.) ұзыншалау етіп қиғаштан қырқалы. Сабағы ағаш тәріздестерді қабығының біраз бөлігін артып, ұзын (5—10 ем) кесіп, жұқартады (мәселен, сирень, форзңция гүлдерін). Сүттіген шырынды сабағы бар гүлдерді (көкнәр, сүттіген гүлдері т. б.) екінші рет қайта кесіп, ұшын ыстық суға (-{-950-қа дейін) салады немесе 3—5 секунд отқа ұстап күйдіреді. Сосын ұйыған сүттіген шырынын қырып тастайды. Үзілген гүлді вазаға салып, толтыра су құяды (герберден басқасын, оның 1/3 бөлігін ғана суға батырады, өйткені оның жұқа түк бас қан сабағы суда тез шіриді). Үзілген гүлге құбырмен келетін онша суық емес суды пайдалануға болады. Мимоза гүлінің сабағьш ыстық суға салғанмен, қауызына суық су шашу керек. Көптеген гүлдердің суын күн сайын ауыстырыл отырған дұрыс. Үсті-үстіне еселеп су құйын отырған жағдайда да гүлдің суын 2—3 күнде толығымен жанарлан жөн.
Ұзағырақ сақтау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үзіп алынған гүлді ұзағырақ сақтау үшін суға қоректік заттар қосуға да болады. 2—5 процент қант қоспасьш пайдалану жақсы нәтиже береді. Мұндай қоспала раушан, қызғалдақ, қалампыр, сирень, хош иісті бұршақ гүл фрезия гүлдері жақсы сақталады. Ал цикламен, амариллис, кестежусан, клематис (ләмәнос) гүлдерін мұндай қоспала ұстауға болмайды. Бактерия дамуының алдын алу үшін бактерицидгі заттар: марганец қышқылды калий (бірнеше түй ірілен), аспирин (1 литр суға 1 таблетка), лимон қышқылы (1 литр суға 2—3 грамм), спирт (1 литр суға 10 мл., клематис гүлі үшін) қосуға да болады. Әр түрлі гүлдерді бір вазада ұстауға болмайды. Кесілген кезде кейбір гүлдерден бөлінетін заттар екінші біреулеріне зиянды әсер етеді. Раушан гүлі өзімен бір вазадағы басқа гүлдерді тез солдырады, тіпті қызыл қоңыр және сарғыш түсті раушан гүлдерін бір вазаға қойса, соңғысы бірден сола бастайды. Дала, қалампыр, нарциссті бөгде гүлдермен бірге сақтауға болмайды. Душистый горошек, резеда, сары примулдар басқа гүлдердің солуын тездетеді. Қызғалдақ пен ботакөз гүлдеріне ландыш қосса бірден солады, сары иримулдар — басқа түсті примулдарға, лаламаргариткалар мен көкнәр гүлдеріне әсер етеді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |