Григорий Саввич Сковорода
Бұл мақаланың бейтараптығын тексеру қажет. Пікірталас барысын талқылау бетінде қараңыз. Бұл хабарды талқылау шешілгенше дейін аластамаңыз. |
Григорий Саввич Сковорода (укр. Григорій Савич Сковорода; 03 желтоқсан 1722, Полтава губерниясы, Чернухи селосы - 09 қараша 1794, Харьков облысы., Сковородиновка селосы) — украин ағартушысы, филофоф-демократ, ақын.
Кедей шаруа казак-орыс отбасысында туған. Киев-Могилян діни академиясында (1739-1741, 1744-1750) оқыды. Діни атақтан бас тартып уағызшы кезбе философ жолына түседі. Сковороданың көзқарасына Феофан Прокопович пен М.В.Ломоносовтың еңбектері ықпал жасады. Философияның негізгі мәселесін шешуде Сковорода материализм мен идеализмнің арасында ауытқып, бірақ көптеген философиялық мәселелерге материалисттік тұрғыдан жауап берді. Сковорода табиғаттың өмір сүруі себебі оның өз бойында екенін мойындайды. Сковороданың дуалистік ауытқулары, оның бүкіл өмір сүрушілерді қамтитын «үш дүние» теориясын жасауға алып келеді: «макрокосм» (табиғат), «микрокосм» (адам және ) «символдар дүниесі» (таурат). Сковорода «құдай» мен «табиғат» барабар деп пантеизм позициясын ұстады. Сковороданың этикалық уағыздары «сүйіспеншілік пен ізгілік» дінін іздестірумен байланысты болды[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 187 бет
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Hryhoriy Skovoroda |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін Үлгі:Философ енгізу қажет. |