Мазмұнға өту

Гомеостаз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гомеостаз (гр. 'homoios' - ұқсас, stasis - тепе-теңдік) - жүйенің қызмет ететін сыртқы ортасының өзгеруіне қатысты тұрақты қалыпта ұстау немесе реттеу үрдісі. Бұл термин әлеуметтік жүйелерге қатысты қолданылады. Әлеуметтік жүйелер өзін-өзі қолдайтындығы немесе өзін тепе-теңдікте ұстайтындығы туралы қағида даулы болып табылады. Тепе-теңдігін бұзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күрес жолымен сақталатын, қандай да бір жүйенің қимылды тепе-теңдікті қалпы.[1]

Гомеостаз ұғымы алғашында физиологияда ішкі ағзаның, өзін-өзі реттеу механизмі арқылы қол жететін оның негізгі физиологиялық қызметтерінің тұрақтылығын түсіндіру мақсатында қолданылды. Бұл ұғымды 1929 жылы америкалық физиолог У. Кеннон енгізді. Ол биологиялық ағзалардағы бірқатар гомеостатикалық процестерді, ең алдымен өз түрақтылығын үздіксіз сақтайтын "тән даналығы жөніндегі" ілімдерінде ашық жүйе ретінде қарастырды. Жүйеге қатер төндіретін өзгерістер жайлы дабыл алған ағза бұрынғы қалыпты жағдайға қайтып оралғанша тынбай жүмыс істейтін құрылымды қосады. Әлеуметтік және саяси ғылымдарда гомеостазис принципі қоғамның әлеуметтік және саяси жүйелерінің, сондай-ақ бірқатар жүйелік үйымдардың (мемлекет, партиялар, кәсіподақтар) қызметі мен дамуын талдауға қолданылады. Саяси және әлеуметтік гомеостазис - саяси және әлеуметтік жүйелердің, оның қүрылымдарының, әлеуметтік топтарының, институттарының тепе-теңдігін бүзуға тырысатын ішкі және сыртқы факторларға қарсы күресетін жолымен сақталатын тепе-тең қозғалмалы қалпы. Макроэкономикада гомеостатикалық тәсіл қолданылатын жалпы экономикалық тепе-теңдік теориялары кеңінен тараған (кейнсиандық және неоклассикалық үлгілер). Гомеостазис принципі әртүрлі құрамдас бөліктері үйлесімді даму тепе-теңдігін сақтайтын, негізінде табиғи ортаны дифференцияланған жүйе ретінде талдау жасайтын әлеуметтік экологияда да қолданылады.[2][3]

Қасиеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гомеостатикалық жүйелер келесі қасиеттерге ие:

  • Жүйенің тұрақсыздығы: оның қалай жақсы бейімделетінін тексереді.
  • Тепе-теңдікке ұмтылу: жүйенің бүкіл ішкі, құрылымдық және функционалдық ұйымдастырылуы тепе-теңдікті сақтауға ықпал етеді.
  • Болжамсыздық: Берілген әрекеттің нәтижесі күтілгеннен жиі өзгеше болуы мүмкін.

Сүтқоректілердегі гомеостаздың мысалдары:

  • Ағзадағы микроэлементтер мен судың мөлшерін реттеу – осморегуляция. Бүйрек арқылы жүзеге асырылады.
  • Зат алмасу процесінен қалдық өнімдерді шығару – экскреция. Оны экзокринді органдар – бүйрек, өкпе, тер бездері және асқазан-ішек жолдары жүзеге асырады.
  • Дене температурасын реттеу. Терлеу арқылы температураны төмендету, әртүрлі терморегуляциялық реакциялар.
  • Қандағы глюкоза деңгейін реттеу. Негізінен бауыр арқылы жүзеге асырылады, ұйқы безінен бөлінетін инсулин және глюкагон.
  • Тамақтануға байланысты негізгі зат алмасу деңгейін реттеу.

Дене тепе-теңдікте болса да, оның физиологиялық күйі динамикалық болуы мүмкін екенін ескеру маңызды. Көптеген организмдер циркадиялық, ультрадиандық және инфрадиандық ырғақ түріндегі эндогендік өзгерістерді көрсетеді. Осылайша, гомеостаз кезінде де дене температурасы, қан қысымы, жүрек соғу жиілігі және зат алмасу көрсеткіштерінің көпшілігі әрқашан тұрақты деңгейде емес, уақыт өте өзгереді (белгілі бір шектеулі аралықта).

Тағы қараныз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
  2. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
  3. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9