Мазмұнға өту

Георг Фридрих Бернхард Риман

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Георг Фридрих Бернхард Риман
Фридрих Бернхард
Туған күні

17 қыркүйек 1826 (1826-09-17)

Туған жері

Брезеледенц, Төменгі Саксония

Қайтыс болған күні

20 шілде 1866 (1866-07-20) (39 жас)

Қайтыс болған жері

Италия, Селаска

Георг Фридрих Бернхард Риман (17 қыркүйек 1826, Брезеледенц, Төменгі Саксония — 20 шілде 1866, Италия, Селаска қаласы) — неміс математигі.

Берлин университетін бітірген (1949). Геттинген университетінің профессоры (1857). Риман еңбектері 19 ғасырдың 2-жартысы мен 20 ғасырда математиканың дамуына үлкен үлес қосты. Оның лекциялары негізінде бірталай жаңа курстар (математикалық физика, тартылыс теориясы, электр және магнетизм теориясы, эллипстік функциялар теориясы, т.б.) қалыптасты. Ол алғашқы болып анықталған интегралдың ғылыми анықтамасын тұжырымдады, комплекс айнымалылар функциясы теориясының негізін салды. Дзета-функция теориясы арқылы сандардың аналитик. теориясын жоғары сатыға көтерді, дифференциалдық теңдеулер теориясына да елеулі үлес қосты. Кеңістік ұғымын жалпылап, көп мәнді функцияларды зерттеуде маңызы бар Риман кеңістіктерінің геометриясын жасады.[1]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том