Мазмұнға өту

Гекова шығанағы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гекова
түр. Gökova Körfezi
Сипаттамасы
Түріқойнау
Жағалау сызығының ұзындығы80 км
Орналасуы
36°59′57″ с. е. 28°09′43″ ш. б. / 36.9992° с. е. 28.1619° ш. б. / 36.9992; 28.1619 (G) (O) (Я)Координаттар: 36°59′57″ с. е. 28°09′43″ ш. б. / 36.9992° с. е. 28.1619° ш. б. / 36.9992; 28.1619 (G) (O) (Я) (T)
Өзінен жоғары акваторияЭгей теңізі
Ел Түркия
АуданМугла
Гекова шығанағы (Түркия)
Гекова
Гекова Ортаққорда

Гекова (түр. Gökova Körfezi) — Түркиядағы Эгей теңізінің шығанағы. Негізгі порттары - Бодрум (Түркия) және Кос (Грекия).

Сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Гекова -Бодрумның шығысындағы үлкен шығанақ, солтүстіктен, батыстан және шығыстан материкпен, ал оңтүстігінде Датча түбегімен шектеседі. Шығанақтың батыстан шығысқа дейінгі ұзындығы шамамен 80 шақырым, ені (оңтүстіктен солтүстікке) батыс және орталық бөліктерінде шамамен 16 шақырымды құрайды. Әкімшілік жағынан Гекова шығанағы Бодрум, Милас, Мугла, Ула, Мармарис және Датчи аудандарының бөліктерін қамтиды. Грецияның Кос аралы шығанаққа кіреберістің бойында орналасқан.

Шығанақтың шығыс бөлігіндегі жағалауларда яхталарды бекітуге ыңғайлы тыныш қойнаулар бар. Шығанақтың солтүстік және оңтүстік жағалаулары тегіс, бірақ оларда жабдықталған бірнеше яхта айлақтары мен балық порттары бар.[1]

Римдік және грек қоныстарының іздерін шығанақтың оңтүстігіндегі Седир аралында табуға болады. Бұл арал ежелгі Кедрай қаласымен және әйгілі Клеопатра жағажайымен танымал. Кедрай кейіннен Родосқа қосылған карийлік қала болды. Кедрай мен Седир сөздерінің мағынасы бірдей, яғни «балқарағай». Кедрай аралдағы ең маңызды елді мекендердің бірі болды. Қала жағалаудан көрінетін қабырғалармен, қаланың орталық бөлігінде орналасқан бекінісі мен Аполлон храмымен қоршалған. Алайда, бүгінде ғибадатхананың іргетасы ғана сақталған.[2]

Дорийлықтар екі қаланың Книдос және Галикарнас ірге тасын қалады (қазіргі Бодрум). Мугла қаласын XII ғасырда салжұқтар жаулап алып, XV ғасырда Ментеше князьдеріне өтті. XVI ғасырдан бастап ол Осман империясына қарады.

Гекова шығанағы демалушылар үшін өте әсерлі жер. Мұнда алтын құмды жағажайларда, таза көгілдір суларда серуендеушілер жүзуге мүмкіндік алып қонақжайлылық пен қолайлы қызмет түрін пайдалана алады. Оның басқа аймақтардан ерекшелігі бұл шығанақтың керемет сұлулығы.

Мұнда жергілікті ауылдардың дәстүрлі өміріне үңіліп, ежелгі ежелгі қалалардың тамаша сақталған қалдықтарын көруге болады. Гекова шығанағының жағалауында көптеген су қойнаулары, айлақтар, үңгірлер кездеседі, сондықтан саяхатшылардың ерекше жиі келетін орнына айналуда. Желдің тұрақтылығы және қолайлы ауа-райы, суда ашық ауада демалу үшін тамаша жағдай жасайды.[3]

Су қойнаулары (бухта)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Акбюк қойнауы. Акбюк Киран тауларымен және таңғажайып орман алқаптарының 11 шақырымға созылады. Мұндағы су мөлдір, қатты толқындары жоқ және терең емес. Су қойнауы ауа-райына және жарыққа байланысты көк түстен көгілдірге дейін түсін өзгертіп отырадлы.[4]

Зейтинли қойнауы. Бұл теңізге жақын болғандықтан шығанақтағы ең танымал қойнаулардың бірі. Мұндағы теңіз әдемі ақшыл көк түске енеді.

Кандилли Ков қойнауы. Бұл шығанақта құм болмаса да, мұндағы су мөлдір таза. Жері оқшауланған, теңіз тыныш және әдемі.

Инжекум қойнауы. Бұл шығанақта құм жоқ, жартастардың арасында орналасқан, соның арқасында теңіз таза және әдемі, сулары көгілдір түсті. Жағалау өзінің алтын құмдары мен әдемі жағажайларымен әйгілі көрші Чамлы ауылына жақын орналасқан.

Британ қойнауы. Кейде Британдық айлақ деп аталады, ол Гекова шығанағындағы Дача түбегі мен Бодрум арасында орналасқан. Ол айнала өскен қарағайлардың көлеңкесінде орналасқан. Суы көгілдір түсті, шығанақтың толқындары су қойнауына жетпейді.

Клеопатра аралы. Клеопатра аралы, сонымен қатар Седир деп те аталады, Мармаристен солтүстікке қарай 16 шақырым жерде орналасқан. Гекова шығанағындағы ең танымал қойнаулардың бірі. Онда құмды жағажайлар мен керемет көгілдір сулары бар қорғалған аймақ бар. Сонымен қатар, ұсақ құмдар тікелей Солтүстік Африкадан әкелінген деп есептеледі, өйткені бұл сорттың ақ құмы тек Египетте ғана кездеседі.

Чинар қойнауы. Мұндағы қызғылт олеандр (талгүл) гүлдерінің биіктігі соншалық, өсімдіктердің астында жағажайдың көлеңкесінде демалуға болады. Теңіз таза және өте терең емес. Жағалау түрлі-түсті тастар мен ракушкаларға толы.[5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]