Мазмұнға өту

Возрождение аралы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Возрождение аралы
орыс. Остров Возрождения, өзб. Vozrojdeniye oroli
Возрождение аралының ғарыштан көрінісі, 1994 жыл
Возрождение аралының ғарыштан көрінісі, 1994 жыл
Сипаттамасы
Тұрғындар (2018 жыл)0 адам
Орналасуы
45°01′00″ с. е. 59°10′00″ ш. б. / 45.0167° с. е. 59.1667° ш. б. / 45.0167; 59.1667 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°01′00″ с. е. 59°10′00″ ш. б. / 45.0167° с. е. 59.1667° ш. б. / 45.0167; 59.1667 (G) (O) (Я) (T)
Елдер Қазақстан
 Өзбекстан
Возрождение аралы (Қызылорда облысы)
Возрождение аралы
Возрождение аралы (Өзбекстан)
Возрождение аралы
Возрождение аралы Ортаққорда

Возрождение аралыАрал теңізінің батыс бөлігінде орналасқан. Оны орыс зерттеушісі А.Н. Бутаков 1848 ж. алғаш рет сипаттап жазған. Арал солтүтіктен оңтүстікке қарай 150 км-ге созылған, енді жері 60 км-ге жуық, абсолюттік биіктігі 93 метр.

Жер бедері, негізінен, тегістеу келген, аласа құм төбешіктер мен саяз ойыстар кездеседі. Аралда шөлейттік белдемге тән өсімдіктер өседі. Солтүстік-шығысында Возрождение, ортасында Қантүбек елді мекендері орналасқан. Бұрын толығымен Өзбекстан аумағында жатқан арал, теңіз суының тартылуына байланысты аумағы 3 – 4 есе ұлғайды, су астынан аралдың қазақстандық бөлігі пайда болды. Соңғы деректерге қарағанда арал оңтүстік жағалаумен жалғасып түбекке айналды. Возрождение аралында Кеңес үкіметі кезінде химиялық-бактериялық қарудың сынақ алаңы болған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9