Владимир Александрович Энгельгардт
Владимир Александрович Энгельгардт (1894—1984) — кеңес биохимигі, КСРО ғылым академиясының академигі (1953; 1946 жылдан корреспондент мүшесі), КСРО Медициналық ғылым академиясының толық мүшесі (1944), Социалистік Еңбек Ері (1969).
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мәскеу университетін бітірді (1919). Қазан университетінің және Қазан медициналық институтының (1929-33), Ленинград (1934 – 40) және Мәскеу (1936-59) университетінің профессоры. КСРО ғылым академиясының А. Н. Бах атындағы биохимиялық институтында (1934-59 және И. П. Павлов атындағы фиолология институтында лаборатория меңгерушісі (Ленинград, 1944 – 50), КСРО Медициналық ғылым академиясының Эксперименттік медицина институтында меңгерушісі (Ленинград , 1945 – 52), 1955-59 жылы КСРО ғылым академиясының биология ғылымы бөлімінің академик-хатшысы, КСРО ғылым академиясының молекуланың биологиялық институтын (Мәскеу) ұйымдастырушы және директоры (1959 жылдан).
Энгельгардттың негізгі еңбектері органын, фосфор қосылыстары алмасуына, олардың клетка тіршілігіндегі энергетикалық және фиолологиялық маңызына, ет белоктарының механикалық қасиеті мен энершетикалық процестер байланысына арналған. Энгельгардт 1930 жылы аленоаин үш фосфор қышқылының (АТФ) аэробты ресинтезі процесін ашқан. М. Н. Любимовамен бірге еттің структурасын, әрекетін, белок биосинтезін зерттеуде. Энгельгардт КСРО-да мөлең, биологияның негізін салушылардың және оны дамытушылардың бірі. Энгельгардт көптеген шетел ғылым академиясының мүшесі.
КСРО Мемлекет сыйлығының лауреаты (1943), Ленин орденімен 4 рет және басқа орден, медальдармен, КСРО ғылым академиясының М. Н. Ломоносов атындағы алтын медальмен марапатталған.[1][2]