Венесуэла

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Координаттар: 7°40′00″ с. е. 65°13′00″ б. б. / 7.66667° с. е. 65.21667° б. б. / 7.66667; -65.21667 (G) (O) (Я)
Боливариан Венесуэла Республикасы
ис. República Bolivariana de Venezuela
Герб
Байрақ Елтаңба
Әнұран: «Gloria al bravo pueblo
(«Батыл халық үшін»)»
(тыңдау )
Тарихы
Тәуелсіздік күні 22 қыркүйек 1830 жыл (Ұлы Колумбиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі испан тілі
Елорда Каракас
Ірі қалалары Каракас, Маракайбо, Валенсия
Үкімет түрі президенттік республика
Президенті
Вице-президенті
Николас Мадуро (дауласуда)
Делси Родригес (дауласуда)
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 32-ші орын
916 445 км²
3,2
Жұрты
• Сарап (2016)
Тығыздығы

31 568 179 адам (44-ші)
33,74 адам/км² (181-ші)
Экономикасы
ЖІӨ
 • Қорытынды (2015)
 • Жан басына шаққанда

239,6 млрд $ (31-ші)
7780 $
АДИ (2017) 0,761[1] (жоғары) (78-ші)
Этнохороним венесуэлалық, венесуэлалықтар
Валютасы Зайырлы боливар
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .ve
ISO коды VE
ХОК коды VEN
Телефон коды +58
Уақыт белдеулері UTC−4:00 және America/Caracas

Венесуэла, толық ресми атауы — Боливариан Венесуэла Республикасы (ис. República Bolivariana de Venezuela, МФА (исп.): [reˈpuβlika βoliβaˈɾjana ðe βeneˈswela]) — Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 912,0 мың км². Халқы – 29 миллион адам (2021). Астанасы – Каракас. Халқының ұлттық құрамы: 69%-ы метистер (үндіс пен ақ нəсілдінің аралас некесінен туғандар), 20%-ы ақ нәсілділер, 9%-ы зеңгілер, 2%-ы үндістер. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі – католикте

Мемлекеттік құрылымы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – екі палатадан (сенат және депутаттар жиыны) тұратын Ұлттық конгресс.

Венесуэла Кариб теңізі жағалауында орналасқан. Елдің орта бөлігінен Ориноко өзені ағады. Оңтүстік-шығысында Гвиана таулы үстірті бар. Климаты субэкваторлық, ыстық. Орташа температура қысы-жазы 25 – 29ӘС. Жауын-шашын мөлшері солтүстік жағында 280 миллиметр, ал оңтүстігінде 2000 – 3000 миллиметр. Ең ірі көлі – Маракайбоның төңірегінде ірі мұнай қоры бар. Негізінен, тропикалық өсімдіктер өседі. Жерінің 53%-ы орман.

Венесуэланы ерте заманда үндіс тайпалары мекендеген. Еуропалықтарға бұл елді алғаш 1498 жылы Христофор Колумб ашты. «Венесуэла» атауы «Кіші Венеция» деген ұғымды білдіреді. 16 ғасырдан бастап елге испан отаршылары басып кіріп, жергілікті үндіс тайпаларын қырғынға ұшыратты. Ауыл шаруашылығы жұмыстарына Африкадан әкелінген зәңгілердің еңбегі пайдаланылды. 19 ғасырда испан отаршыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалысы күшейді.

Америго Веспучи 1499 жылы осы жерге келгенде, су үстінде орналасқан үйлер көрілді, бұл оның есіне Венеция қаласын түсіреді. Сондықтан ол осы жерге «Кіші Венеция» (венесуэла) деп ат қояды. Испандықтар алғашқы отарын 1522 жылы осы жерде ұйымдастырады. 16 ғасырдан бастап, Венесуэла испандықтардың Жана Гранада атты отарының құрамына кіреді.

1811 жылы Еуропада Наполеон соғыстары жүріп жатқан кезде Венесуэла өзін тәуелсіз деп жариялды. Тәуелсіздік соғысы басталды, бірақ испан әскерлер көтерісшілерді басып-жаншиды. 1821 жылы Венесуэланың қолбасшысы Симон Боливар Карабобо шайқасында жеңіске жетеді. Симон Боливар испандықтармен күресті бастап, бүгінгі Боливия, Колумбия, Эквадор елдерін азат етті. Осы жерде ол Ұлы Колумбия мемлекетін жариялайды, бірақ 1831 жылы Ұлы Колумбия бөлшектеніп, Венесуэла оның құрамынан шығып тәуелсіз мемлекет болады.

1819 жылы ол Колумбия Республикасымен қосылып, Ұлы Колумбия деп аталынды. 1830 жылы қайтадан жеке бөлініп шықты.

Бүкіл 19 ғасырда Венесуэланы әскери диктатуралар биледі. 1992 жылы сайлауда Уго Чавес жеңіске жетті. Чавес Венесуэлада социалистік республикасы құра бастайды. Ол экономикалық реформалар жасап, «Боливар революциясын» жариялады, революцияның негізі – бүкіл Оңтүстік Американың мемлекеттерін бір елге одақтастыру. Бүгінгі Венесуэла – Ресей, Иран, Қытай, Белорусь, Куба және Боливия сияқты елдермен жақын қарым-қатынас жасайды.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1913 жылы ірі мұнай көздері ашылғаннан кейін елдің экономикасына АҚШ-тың мұнай компаниялары үстемдік жүргізді. 1975 жылы үкімет мұнай және кен шығару өндірістерін мемлекет меншігіне алды. Қазіргі кезде Венесуэла экономикалық даму дәрежесі жағынан Латын Америкасы елдері арасында төртінші орын алады. Ұлттық табыстың орташа мөлшері жан басына шаққанда 2,8 мың АҚШ доллары. Өнеркәсіптегі жетекші салалар: мұнай шығаратын және өңдейтін өндіріс орындары, көлік және байланыс салаларының басым бөлігі – мемлекет меншігінде. Елде мұнайдан басқа табиғи газ, темір, боксит, көмір, алтын, алмас, тағыда басқа пайдалы қазбалар өндіріледі және экспортқа шығарылады. Ауыл шаруашылығы нашар дамыған. Тамақ өнімдерінің 50%-ы шеттен әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Германия, Жапония, Италия, Бразилия, Канада, тағыда басқа елдер.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.