Вайсензее (көл)
Вайсензее нем. Weissensee | |
Морфометрия | |
---|---|
Өлшемі | 11,6 × 0,9 км |
Ауданы | 6,5 км² |
Тереңдігі | 97 м |
Орналасуы | |
46°42′24″ с. е. 13°20′28″ ш. б. / 46.70667° с. е. 13.34111° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°42′24″ с. е. 13°20′28″ ш. б. / 46.70667° с. е. 13.34111° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Аустрия |
Аймақ | Каринтия |
Вайсензее Ортаққорда |
Вайсензее (нем. Weissensee) — Аустриядағы көл, Гайлталь Альпі тау жотасындағы Каринтия федералдық жерінде орналасқан.
Морфометрия
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ауданы - 6,5 км2
- Тереңдігі - 97 м.
- Ені - 900 м.
- Ұзындығы - 11,6 км.
Вайсензее көлі Австрия Каринтиясында, Галиталер Альпінің етегінде, теңіз деңгейінен 930 м биіктікте орналасқан.[1] 23 шақырымдық жағалаудың үштен бір бөлігі ғана салынды, жағалаудың қалған бөлігі ерекше қорғалатын аумақ болып жарияланып, мемлекет қорғауында. Ең тар жерінде көлді ұзындығы 120 метрлік көпір кесіп өтеді.
Сипаттама
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көл құрамындағы судың ерекше түсімен танымал. Оның ортасы көгілдір болып, жағаға жақындағанда сүттей ақ түске айналады. Бұл құбылыс су түбінің жағалау қабатындағы бор шөгінділерінен туындайды. Неміс тілінен аударғанда «Weiss» «ақ» дегенді білдіргендіктен ақ көл деп атайды.
Вайсензее Аустриядағы ең таза тау көлі болып саналады. Көктемде және жазда жаңбыр мен тозаңның әсерінен су аздап бұлыңғыр болады. Желтоқсан айының ортасынан наурыздың ортасына дейін Вайсензее көлі 50 сантиметрлік мұз қабатымен жабылып, оның беті үлкен мұз айдынына айналады. Жазда көлдегі су 24°C дейін қызады.
Су тазалығын сақтау үшін көлде моторлы қайықтарға, серуендеу пароходтарына тыйым салынған. Таза ауа, мөлдір су (көл ішуге жарамды) отбасылық демалыс орны үшін қолайлы. Мұнда жүзуге, сүңгуге, серфингке, қалақшамен сырғанау, шаңғымен сырғанау, аквалангпен жүзуге болады. Көлде форель мен көксеркеден бастап шортан мен сазанға дейін балықтың 22 түрі белгілі. Балық аулау маусымы 10 мамырдан 20 қазанға дейін.[2][3][4]
Вайсензее көлінің көрнекі жерлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жаяу саяхаттауды ұнататындар үшін 930-2300 м биіктікте белгіленген маршруттар бар, олардың 140 шақырымы тау арқылы өтеді. Кәдімгі немесе тау велосипедімен жүруді ұнататындар осында жақсы демалуға болады. Тау велосипедтері үшін барлық қиындықтағы 80 км жақсы белгіленген жолдар бар. Орманда және көл жағасында ұзындығы 3-тен 9 км-ге дейін әртүрлі қиындық дәрежесіндегі 12 жүгіру жолы бар.
Альпі шалғындары мен ормандарында табиғи сұлулық пен ғажайыптарды кқруге болады. Мұнда балалар ойын алаңдары мен бөлмелері, қуыршақ театры және сиқырлы трюктар, ертегіге саяхат, «Kinderkapitaen» кемесімен көлді аралау мүмкіндіктері бар. 200-ден астам түрлі іс-шаралар: көл мен шалғындағы мерекелер, концерттер, балалар мен отбасылық бағдарламалар, концерттер мен ән кештері, экскурсиялар бар.[5][6][7]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Каринтиядағы Вайсензее көлі. Тексерілді, 13 сәуір 2024.
- ↑ Каринтия, Вайсензее көліндегі он күн. Тексерілді, 13 сәуір 2024.
- ↑ Вейсенси көлінің сипаттамасы. Тексерілді, 13 сәуір 2024.
- ↑ Озеро Вайсензее. Тексерілді, 13 сәуір 2024.
- ↑ Вайсензее көлі. Аустрияның көрікті жерлері. Тексерілді, 13 сәуір 2024.
- ↑ Ғажайып Вайссенси:. Тексерілді, 13 сәуір 2024.
- ↑ Weisensee - Аустрияның ақ көлі. Тексерілді, 13 сәуір 2024.