Мазмұнға өту

Вади Рам

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Вади-Рам

Вади Рам (араб.: وادي رم‎) - Акабадан 60 шақырым жерде орналасқан Иордания шөлі. 74 180 га жерді алып жатыр. Ең биік нүктесі - 11830 метрлік Ум aд-Дами тауы болып табылады.

Вади-Рам климаты құрғақ болып келеді. Күндізгі температура 32 градус болса, түндегі температура 4 градус.

Саяхатшыларға кеңес

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бұл шөл дала Иорданияның ұлттық бағы болып саналады. Егер сіздің осы елге жолыңыз түсіп жатса, онда міндетті түрде осы әдемі де, ежелгі орындардың біріне соғып кетуді ұмытпаңыз. Оның үстіне Вади-Рамға жасалатын экскурсия ұсақ ақшаларды есептемесек, тегін деп айтуға әбден болады. Акабадан 60 шақырым жерде орналасқан шөл тасты кедір-бұдырлы рельефтеріне байланысты «Ай алқабы» деп те аталады. Шөл далада бірнеше шатқалдар, жоталар да орын тепкен. Саяхатшыларға джиптермен сафари-турларға шығуға мүмкіндік қарастырылған. Одан бөлек олар түйемен немесе жылқылармен де саяхаттай алады. Бірақ ол үшін арнайы дайындығыңыз болуы керек. Себебі ыстық кезінде ат не түйе үстіндегі жүріс адамды қатты қажытады. Десек те, саяхаттың алғашқы минуттарынан бастап аяғына дейін сіз өзіңізге тылсым табиғаттың небір жаңалықтарын ашасыз. Түсініксіз рельеф, құрғақ және ыстық ауа (күндіз +35, түнде +4) осының барлығы да өзіңізді Жерде емес, Ай немесе Марс бетінде жүргендей әсерге бөлейді.Вади-Рам саяхаты ақыр соңында сізді бәдәуилердің тайпасына алып барады. Ол жерде сіз сувенирлер сатып алып, сондай-ақ жергілікті халықтардың дәстүрлі тағамдарынан да дәм тата аласыз. Тіпті шатыр астында бір түн түнеп шықсаңыз да болады. Саяхат кезінде шөлді аймақта ежелгі тайпалардың қалдырған құпияға толы жартас суреттерімен де таныса аласыз. Ал Вади-Рамның кешкі күн батар тұсы тіптен керемет. Оны да көруді ұмытпаңыз.[1]

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Wadi Rum

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Gilles, Rappeneau Les Voies Bedoiun du Wadi Ramm. website. Тексерілді, 5 ақпан 2014.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]