Бұта

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бұта (лат. frutex) — топырақтың бетінде бірнеше сүректенген бүйірлік өскіндері бар, олардың арасында нақты айқындалған бұтағы жоқ көп жылдық сүректі өсімдік. Басты діңгегі тек жас өсімдіктерде ғана жақсы көрінеді, ол содан кейін жаңа діңгектер, (өскіндер) арасында көрінбей кетеді. Бұтаның биіктігі 0,8-ден 6 метрге дейін. Жекеленген діңгектердің өмір сүру ұзақтығы көбіне 10—20 жыл, ал тұтас бұтаның өмір сүру ұзақтығы 400 жыл және одан астам.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3