Бұрыштістілер
Бұрыштістілер (Hynobiidae) — құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділер. Қазақстанда 2 түрі cібір бұрыштістілері, жетісу аяқтыбалығы бар. Қазақстанның солтүстік облыстарының қайыңды, орманды дала аймағында кездеседі. Денесінің ұзындығы 60 — 75 см, құйрығының ұзындығы 4 — 5 см. Құйрығы екі бүйірінен қысыңқы келеді. Бүйірі мен қарнында 12 — 15 көлденең сызықтары бар. Терісі жалаң, аяғы қысқа, 4 тармақты. Түсі қоңыр, тек арқа жағы сары жылтыр болады. Көбею кезінен басқа уақытта ересектері тіршілігін құрғақ жерде өткізеді. Күндіз құлаған ағаш, шіріген түбір астында, ағаш қуысында жасырынып жатады. Көбіне жемін аулауға кешкілік, түнде шығады, құрттармен, моллюскілермен, жәндіктермен қоректенеді. Бұрыштістілер ағаш түбінде жеке, кейде топтанып бір жерде қыстайды. Көктем шығысымен бұрыштістілер тайыз көлдерге уылдырық шашады, 3 — 4 жетіден кейін уылдырықтан кішкентай дернәсілдер шығады. Бұрыштістілер жыныстық жағынан 3 жасында жетіледі. Бұрыштістілердің жаулары — қарғалар. Сондай-ақ, қар аз түскен жылдары жер қатып қалып, олардың көпшілігі өледі, көл таязданған кезде бұрыштістілердің уылдырақтары дамымай қалады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |