Бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томография

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томография
ағылш. Single-photon emission computed tomography
Бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томография
SPECT аппараты
ICD-9-CM 92.0-92.1
MeSH D01589
OPS-301 код 3-72
Басқа кодтар 92.0-92.1

Бірфотонды эмиссиялық компьютерлік томография (ағылш. Single-photon emission computed tomography, SPECT) — радиоизотоптардың көмегімен дененің томографиялық суретін шығарып, диагностика жасау әдісі.

Бұл технология сцинтиграфияға ұқсас, бірақ соңғысы екіөлшемді бейнені берсе, SPECT 3D-бейнені береді.

SPECT кардиологияда, неврологияда, урологияда, пульмонологияда, ісіктерді анықтауда, қаңқа бейнесін шығаруда қолданылады.

Қан айналымына енгізілетін радиоизотоптардың ішінде технеций-99m жиі қолданылады. Радиоизотоптың ядросы ыдырағанда, ол бір ғана фотон шығарады. Бұл фотон бейнені құруға әсер етеді.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]