Бонавентура
БОНАВЕНТУРА (Джованни Фиданца) (1221-74) - итальяндық схоласы, Париж университетінде оқыды, кейіннен сонда проф., 1257 жылдан Францискан орденінің басшысы. Католиктік шіркеу ұстаздарының бірі. Аристотелизм мен христиан теологиясын біріктіруге талаптанған өз замандасы Фома Аквинскийдің іліміне қарама-қарсы (Томизм) августиндік теологияны қолдады (Августин). Бонавентура Құдай нұрымен салыстырғанда, тіпті оны ең биік шыңы - Аристотель ілімімен қоса алғанда да қаранғылық деп есептеді. Ақиқат - христианның береке ретінде алатын нұр сәулесінің шапағатымен келеді. Ақиқатты тану шарты - тақуалық пен дұға қылу. Универсалдық туралы пікірсайыста реализм позициясында болды. (Орта ғасыр реализм). Бонавентура - католиктік ортодокс туын ұстап, Р. Бэконды қудалады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ "Қазақ энциклопедиясы" - Философиялық сөздік