Мазмұнға өту

Бельгия Ұлттық футбол құрамасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Бельгия Бельгия
Логотип
Лақап аты

Rode Duivels, Diables Rouges (Қызыл сайтандар)

Конфедерация

УЕФА

Федерация

Бельгия Футбол қауымдастығы

Бас бапкері

Испания Роберто Мартинес

Капитаны

Эден Азар

Ең көп
ойын саны

Ян Вертонген (97)

Үздік
бомбардир

Ромелу Лукаку (31)

Үй стадионы

Бодуэн Король стадионы

ФИФА рейтингі

6 (18.07.2024)[1]

ФИФА коды

BEL

Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

Бельгия Бельгия 3:3  Франция
(Брюссель, Бельгия; 1 мамыр, 1904 жыл)

 Бельгия 9:0  Замбия
(Брюссель, Бельгия; 4 маусым, 1994 жыл)
 Бельгия 10:1  Сан-Марино
(Брюссель, Бельгия; 28 ақпан, 2001 жыл)
 Бельгия 9:0  Гибралтар
(Льеж, Бельгия; 31 тамыз, 2017 жыл)

 Бельгия 1:9  Англия
(Брюссель, Бельгия; 11 мамыр, 1927 жыл)
 Нидерланд 8:0  Бельгия
(Амстердам, Нидерланд; 29 наурыз, 1936 жыл)
 Нидерланд 9:1  Бельгия
(Роттердам, Нидерланд; 4 қазан, 1959 жыл)

Футболдан Бельгия ұлттық құрамасы — барлық халықаралық турнирлер мен матчтарды Бельгия мүддесін өкілдік ететін ұлттық құрама.

Бельгия Екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі үш әлем чемпионатына да қатысты, бірақ пәлендей жетістікке жете алмады. Оған дейін 1920 жылы Олимпиада чемпионы атанған. Соған қарамастан құрама әлем чемпионаттарындағы алғашқы жеңісін тек 1970 жылы Мексикада ғана тойлады. Турнир дебьютанты Сальвадорды ұтқанымен қалған екі қарсыласынан (КСРО мен Мексика) ұтылып, 1/4 финалға өте алмады. Екі жыл өткен соң Еуропа чемпионатының финалдық турниріне шыққан төрт құраманың бірі болды. Чемпионатқа алаң иелері ретінде қатысқан бельгиялықтар үшінші орын үшін болған ойында мажарларды ұтып, тырнақалды тұңғыш халықаралық жүлдесін иеленді. Арада сегіз жыл өткен соң Италиядағы Еуропа чемпионатында финалға шықты, бірақ ГФР футболшыларынан 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Мұнан соң құрама әлем және Еуропа чемпионаттарында жүлде ала алмай келеді. 1986 жылғы әлем чемпионатында жартылай финалға дейін жетті. Үшінші орын үшін матчта Француздарға жол берді: 2:4. Арада төрт жыл өткен соң Италия-90 әлем біріншілігінде 1/8 финалда Англиямен кездесіп, 120 минут бойы аянбай айқасты. Ойынның бітуіне санаулы секунд қалғанда (119-минутта) гол жіберіп алды. Осы турнирден соң құраманың 70-80 жылдардағы табысына септігі тиген бапкер Ги Тис құрамамен қоштасты.

1994, 2002 жылдарғы әлем чемпионаттарында Бельгия 1/8 финалда сүрінді. Бұл екі аралықтағы Еуропа чемпионаты (2000 жылғы) Бельгия мен Нидерландыда өтті. Ол турнирде де Бельгия жарқырай алмады, топтық турнирден аса алған жоқ.

Араға бірталай уақыт салып құрама 2014 жылы әлем чемпионатына қатысып, ширек финалға дейін жетті, бұл жолы бұларға Аргентина тосқауыл болды: 0:1.

2016 жылғы Еуропа чемпионатында ширек финалда турнир дебьютанты Уэльстен ұтылды - 1:3.

2018 жылғы әлем чемпионатында құрамына Маруан Феллайни, Ромело Лукаку, Дрис Мертенс, Эден Азар, Томас Вермален, Тибо Куртуа секілді мықтыларды топтаған Бельгия жартылай финалға дейін жетті. Топтық турнирде Тунис, Анлия, Панама құрамаларымен бір топқа түсті де, үшеуінде де ұтты. 1/8 финалда 0:2 есебімен ұтылып тұрып, Жапонияға үш доп соқты - 3:2. Ширек финалда Бразилияны 2:1 есебімен ұтты. Жартылай финалда болашақ чемпион Францияға жол берді. Үшінші орын үшін матчта 2:0 есебімен Англияны ұтты.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы: 1920
  • Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері: 1900
  • Еуропа чемпионатының финалисі: 1980
  • Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 1972
  • Әлем чемпионатында 3-орын: 2018
  • Әлем чемпионатында 4-орын: 1986
9 қыркүйек 2019
Ойыншы Туған күні Матч Гол Клуб
Қақпашылар
Тибо Куртуа 11 мамыр 1992 76 0 Испания Реал Мадрид
Симон Миньоле 6 наурыз 1988 22 0 Бельгия Брюгге
Хендрик ван Кромбрюгге 30 сәуір 1993 0 0 Бельгия Андерлехт
Матц Селс 26 ақпан 1992 0 0 Франция Страсбур
Қорғаушылар
Ян Вертонген 24 сәуір 1987 116 9 Англия Тоттенхэм Хотспур
Тоби Алдервейрелд 2 наурыз 1989 94 4 Англия Тоттенхэм Хотспур
Томас Вермален 14 қараша 1985 75 2 Корея Республикасы Виссел Кобе
Тома Мёнье 12 қыркүйек 1991 39 6 Франция Пари Сен-Жермен
Джейсон Денайер 28 маусым 1995 11 0 Франция Олимпик Лион
Брэндон Мехеле 28 қаңтар 1993 0 0 Бельгия Брюгге
Жартылай қорғаушылар
Кевин де Брёйне 28 маусым 1991 72 17 Англия Манчестер Сити
Насер Шадли 2 тамыз 1989 58 7 Бельгия Андерлехт
Янник Карраско 4 қыркүйек 1993 38 5 Қытай Халық Республикасы Далянь Ифан
Юри Тилеманс 7 мамыр 1997 25 1 Англия Лестер Сити
Аднан Янузай 5 ақпан 1995 12 1 Испания Реал Сосьедад
Леандер Дендонкер 15 сәуір 1995 9 0 Англия Вулверхэмптон Уондерерс
Деннис Прат 14 мамыр 1994 4 0 Англия Лестер Сити
Ханс Ванакен 14 тамыз 1992 2 0 Бельгия Брюгге
Яри Верхаерен 12 шілде 2001 1 0 Бельгия Андерлехт
Шабуылшылар
Дрис Мертенс 6 мамыр 1987 87 18 Италия Наполи
Ромелу Лукаку 13 мамыр 1993 82 49 Италия Интернационале
Кристиан Бентеке 3 желтоқсан 1990 34 12 Англия Кристал Пэлас
Миши Батшуайи 2 қазан 1993 27 15 Англия Челси
Дивок Ориги 18 сәуір 1995 27 3 Англия Ливерпуль
Бенито Раман 7 қараша 1994 1 0 Германия Шальке 04

Соңғы 20 жылдағы бапкерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 20. 08. 1999 — 30. 06. 2002: Робер Васеж
  • 21. 08. 2002 — 31. 12. 2005: Эме Антунис
  • 1. 01. 2006 — 30. 09. 2009: Рене Вандерейкен
  • 1. 10. 2009 — 15. 04. 2010: Дик Адвокат
  • 4. 05. 2010 — 13. 05. 2012: Жорж Лекенс
  • 3. 09. 2012 — 15. 07. 2016: Марк Вильмотс
  • 3. 08. 2016 — Роберто Мартинес

Құрама ардагерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2017, 10 қазан күнгі

# Футболшы Карьера Ойын Гол
1 Ян Вертонген 2007— 97 8
2 Ян Кулеманс 1977—1991 96 23
3 Тимми Симонс 2001— 94 6
4–5 Эрик Геретс 1975—1991 86 2
4–5 Франки Ван дер Эльст 1984—1998 86 1
6 Энцо Шифо 1984—1998 84 18
7–8 Даниэль Ван Бюйтен 2001—2014 83 10
7–8 Аксель Витсель 2008— 83 9
9 Поль Ван Химст 1960—1974 81 30
10 Эден Азар 2008— 80 20

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. FIFA/Coca-Cola World Ranking  (ағыл.). ФИФА (18 January 2018). Тексерілді, 18 қаңтар 2018.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]