Баяттар
Баяттар, баиттар (моңғ. Баяд) — халық. Моңғолияның Убсунур аймағын мекендейді. Жалпы саны – 45 мыңдай адам (1995 жыл). Моңғол тілінің баят-халка диалектісінде сөйлейді. Баяттар этнонимі XIII ғасырдан белгілі. XVII ғасырда баяттар дүрбіттермен бірге Жоңғар хандығының құрамына кіріп, хандық жойылғаннан кейін қазіргі қоныстанып отырған жерінде 10 хошуннан тұратын жеке әскери әкімшілік құрған. Негізгі кәсібі - мал шаруашылығы Көбіне қой мен жылқы өсіреді. Егіншілікпен де айналысады. Баяттар соңғы жылдарға дейін тілін, мәдени бірегейлігін сақтап келді. Діни сенімі мен тұрмыс-тіршілігінде, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарында моңғолдармен ұқсастық басым.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|