Баффин Жері
Баффин Жері ағылш. Baffin Island, Үлгі:Lang-iu | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 507 451 км² |
Ең биік нүктесі | 2147 м |
Тұрғындар (2007 жыл) | 11 000 адам |
Халық тығыздығы | 0,022 адам/км² |
Орналасуы | |
69°00′ с. е. 72°00′ б. б. / 69.000° с. е. 72.000° б. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 69°00′ с. е. 72°00′ б. б. / 69.000° с. е. 72.000° б. б. (G) (O) (Я) | |
Акватория | Солтүстік Мұхды мұхит |
Ел | Канада |
Аймақ | Нунавут |
Баффин Жері Ортаққорда |
Баффин Жері (ағылш. Baffin Island) — Канадалық арктикалық топаралдың ішіндегі ең үлкен арал. Ол солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай Гренландия жағалауы бойымен 1500 км-ге созылып, одан Баффин теңізі мен Дейвис бұғазы арқылы бөлініп жатыр. Ауданы 476 мың км². Аралдың басым бөлігі кембрийге дейінгі гнейстер мен кристалды тақтатастардан түзілген. Батыс бөлігі - батпақты көлдері бар төбешікті (абсолюттік биіктігі 150 - 200 м) жазықтық, шығыс бөлігін таулар (абсолюттік биіктігі 2591 м) алып жатыр. Онда ауданы 83 мың км² болатын мұздықтар орналасқан. Климаты арктикалық ылғалды. Өсімдіктері – мүк, қына және тундралық бұталар, жануарлары – лемминг, поляр қояны, көгілдір түлкі. Тұрғындары 3 мыңға жуық, негізінен, аралдың оңтүстігінде тұрады. Олардың негізгі кәсібі - аңшылық пен балық аулау. Қорғасын, мырыш, күміс өндіретін шахталар жұмыс істейді. Арал ағылшын зерттеушісі У. Баффин құрметіне аталған.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |