Баттауық
Көрініс
Баттауық | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||
Imperata arundinacea Cirillo |
Баттауық (лат. Imperata) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы. Оның жұмыр баттауық немесе тышқанқұйрық баттауығы (І. сylіndrіca) деген бір түрі Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Биіктігі 30 – 125 см, жатаған өркенді өсімдік. Сабағы түксіз, майда болады. Түбіндегі жапырақтары қалың таспа тәрізді жалпақ, ал сабақ бойындағы жапырақтары жіңішке түтік пішінді келеді, тілшесі өте қысқа. Гүлшоғыры күміс сияқты жылтыр, ұзындығы 5 – 10 см. Сәуір – мамыр айларында гүлдейді. Баттауық – сәндік өсімдік; жылтыр ақ масақтары гүлшоғыр жасау үшін пайдаланылады. Шөлді аймақтарда гүлдегенге дейін мал азығы үшін жиналады. Сабағын әр түрлі өрме заттар жасауға қолданады. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Wydział Nauk Biologicznych Мұрағатталған 6 наурыздың 2014 жылы. (ағыл.)
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |