Басқарудың сатылық жүйесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Генерал-губернатор Деан Субботич

Басқарудың Дистанциялық Жүйесі, Басқарудың сатылық жүйесі — Ресей өкіметі Батыс Қазақстанда хандық билікті жойғаннан кейін енгізген жергілікті әкімшілік-аумақтық бөліктер құрылымы.[1] Басқарудың Дистанциялық Жүйесі 1931 жылы енгізіліп, аға сұлтандықтар дистанцияларға (сатыларға), бөлінді.[2] Дистанцияларға ауылдар қаратылды. Басқарудың Дистанциялық Жүйесі 1868 жылға дейін сақталды. 37 жыл ішінде дистанциялардың саны, көлемі, олардағы рулар мен бөлімшелердің орналасуы, сондай-ақ, халқының саны өзгеріп отырды. Басқарудың Дистанциялық Жүйесі бастапқы кезде Ново-Александровск бекінісі маңындағы адай руларының бір бөлігін ғана, кейін “Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже” қабылданған соң, Орал мен Орынбор бекіністеріне қарасты аудандардағы барлық қазақ руларын қамтыды. 19 ғасырдың ортасында дистанциялардың саны 54-ке жетті. Дистанция басшыларын Орынбор генерал-губернаторы тағайындады.[3] Бұл қызметті көп жағдайда қазақ ақсүйектері атқарды. Оларға мемлекеттік жалақы белгіленді. Дистанция басшыларына қазақтар арасында “тыныштықты” қадағалау, әскери губернатор мен билеуші-сұлтан тапсырмаларын орындау, салықтың жиналуын бақылау міндеттері жүктелді. Басқарудың Дистанциялық Жүйесі арқылы Ресей өкіметі Батыс Қазақстанда өзінің отаршылдық саясатын жүзеге асыруға тырысты.[4][5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
  2. Жиренчин К.А., Политическое развитие Казахстана в ХІХ — начале XX веков, А., 1996.
  3. Зиманов С.З., Политический строй Казахстана конца XVІІІ и первой половины ХІХ веков, А.-А., 1960;
  4. Қазақ Энциклопедиясы
  5. Материалы по истории политического строя Казахстана, т. 1, А.-А., 1961;