Банда теңізі
Көрініс
Банда теңізі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 714 000 км² |
Тереңдігі | 7440 м |
Орналасуы | |
5°27′26″S 127°23′12″E / 5.4572°S 127.3867°E | |
Банда теңізі Ортаққорда |
Банда теңізі — Тынық мұхиттағы Серам, Оңтүстік-Шығыс, Ветар т.б. аралдарды қоршап жатқан теңіз.
Аумағы - 714 мың км², Солтүстіктен оңтүстікке 500 км-ға, ал шығыстан батысқа қарай 1000 км-ге созылған. Тереңідігі 7440 м (Вебер шұқыры). Судың жылдық орташа температурасы 27 °С, тұздылығы 33,0-34,5. Маржан рифтар бар. Маңызды порты Амбон қаласы. Солтүстікте Бірі мен Серам аралдарымен шектеледі, оңтүстік-батыста - Тимор аралымен, ал шығысында - Танимар мен Ару аралдарымен. Құрамына Банда архипелагы кіреді.
Банда теңізінде ұшқыш балықтар, акула, тунец т.б. балықтар бар[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 2 том