Мазмұнға өту

Бангладеш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Координаттар: 24°01′00″ с. е. 89°52′00″ ш. б. / 24.01667° с. е. 89.86667° ш. б. / 24.01667; 89.86667 (G) (O) (Я)
Бангладеш Халық Республикасы
গণপ্রজাতন্ত্রী বাংলাদেশ
Байрақ Елтаңба
Әнұран: «Амар шонар Бангла» (тыңдау )
Тарихы
Тәуелсіздік күні 26 наурыз 1971 (жарияланды)
16 желтоқсан 1971 (мойындалды)[1] (Пәкістаннан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі Бенгал тілі
Елорда Дакка
Ірі қалалары Дакка, Читтагонг
Үкімет түрі унитарлы парламенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Абдул Хамид
Шейх Хасина Вазед
Мемлекеттік діні ислам (сүннеттік бағыт)
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 92-ші орын
147 570[2] км²
6,4
Жұрты
• Сарап (2016)
• Санақ (2011)
Тығыздығы

162 951 560 адам (8-ші)
149 772 364[3] адам
1154,7 адам/км² (10-шы)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

831,750 млрд.[4] $ (29-шы)
4,992[4] $ (136-шы)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

314,656 млрд.[4] $ (39-шы)
1,888[4] $ (143-ші)
АДИ (2017) 0,608[5] (орташа) (136-шы)
Этнохороним бангладештіктер
Валютасы така
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .bd
ISO коды BD
ХОК коды BAN
Телефон коды +880
Уақыт белдеулері +6

Бангладеш (бенгал: বাংলাদেশ), ресми атауы — Бангладеш Халық Республикасы (бенгал: গণপ্রজাতন্ত্রী বাংলাদেশ) — Азияның оңтүстігіндегі 1971 ж. құрылған мемлекет.

Жалпы сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Батысында, солтүстігінде, шығысында Үндістанмен, оңтүстік-шығысында Мьянма Одағымен шектеседі.

Жері 147 мың км². Халқы 149 млн. адам (2007).

Астанасы – Дакка қаласы (3,3 млн.). Мемлекеттік тілі – бенгал тілі, ресми діні – ислам (85%).

Бангладеш дүние жүзіндегі халқы өте тығыз орналасқан аймақтардың бірі. Халқының басым көпшілігі – бенгалдар (барлық халықтың 95%-ы). Қалған 5%-ға жуығы чакма, могх, гаро, целу, санталдар, т.б. үлесіне тиеді.

Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы бір палаталы Ұлттық жиналыс. Бангладеш Ганг, Брахмапутра, Мегхна өзендерінің бастауында орналасқан.

Климаты субэкваторлық, муссонды. Жазы жауын-шашынды, қысы құрғақ. Муссондық маусым басталар алдында, сәуір мен мамырда, орташа температура 30ӘС-тан асады, ал ең суық ай қаңтарда 12 – 25ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері батысында 1500 мм, шығысында 3500 мм.

Қазіргі Бангладеш жерінде алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдық ортасында қалыптасып, түрлі империялар құрамына кірді. Бенгалия атауы 10 – 12 ғасырлар шамасындағы деректерге түсті. 13 ғасырдың басына дейін Бангладеш жерінде Гауд, Пал, Сен әулеттері билеген мемлекеттер өмір сүрді. 14 ғасырдың ортасында Бангладештегі Дели сұлтандығының әкімдері тәуелсіздікке ие болды да, Бихара мен Ориссада (астанасы Муршидабад) дербес мемлекеттері орнады.

Ағылшындар Бангладешті 1757 ж. маусымның жиырма үші күні болған Плесса маңындағы шайқастан кейін өз отарына айналдырды. 19 ғасырда отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық қозғалыс кең өріс алды. Ұлыбританияның 1947 ж. Үндістанды екіге бөлуі нәтижесінде Бенгалияның үндістер мекендеген батыс бөлігі Үндістанда қалды да, мұсылмандар тұратын шығыс бөлігі Пәкістан (халқының 98%-ы бенгалдар) құрамына кірді. Шығыс Пәкстандағы ұлттық шиеленістер Пәкстанда бірнеше рет (1952, 1954, 1958) саяси дағдарыстар туғызып, 1969 ж. Айюб Хан режимінің құлауына себепші болды. Оның орнына үкімет басына келген Яхья Хан елде тұңғыш рет парламент сайлауын (1970) өткізуге мәжбүр болды. Сол кезде Шығыс Пәкстанға автономия беру мәселесін көтерген Халықтық Лига партиясы жеңіп шықты. Ұзаққа созылған күрес нәтижесінде 1971 жылдың желтоқсанның он алтысы күні Бангладеш Халық Республикасы құрылды. 1971 ж. наурыздың жиырма алтысын Тәуелсіздік күні деп жарияланды.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бангладеш – аграрлы ел, шаруашылық жүйесінде ұсақ тауарлы өндіріс басым. Бангладеш – әлемдегі ең кедей елдердің бірі. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық орташа мөлшері 235 доллар. Табиғи жағдайының аса қолайлылығы мұнда егіннен жылына екі – үш рет өнім жинауға мүмкіндік береді. Негізінен, күріш пен шай, қант қамысы, темекі өсіріледі. Басты жеміс дақылдары – банан, манго, кокос пальмасы, ананас, цитрус. Бұған қоса металлургия, мұнай өңдеу, цемент және тыңайтқыш шығару, кеме жөндеу өндірістері жақсы жолға қойылған. Көліктің басты түрі – өзен жолы. Пайдаланымдағы су жолының ұзындығы 4,5 мың км. Темір жолдарының ұзындығы 2,4 мың км. Бангладеш БҰҰ-ның, Ислам Конференциясы ұйымының, Оңтүстік Азия Аймақтық Ынтымақтастық Ассоциациясының мүшесі болып табылады. Негізінен, АҚШ, Жапония, Еуропа Одағы, Қытай елдерімен сауда-экономикалық байланыстар жасайды. Қазақстанмен 1992 жылдың наурыз айынан бастап дипломатиялық қатынас орнатқан.

Халықаралық қатынастар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Халықаралық қатынастарда Бангладеш халықаралық ұйымдармен және ең алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымымен ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған теңгерімді саяси бағытты ұстанады. Бангладеш 1974 жылы Британдық Ұлттар Достастығына және Біріккен Ұлттар Ұйымына қосылды және содан бері 1978-1979 және 2000-2001 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып екі рет сайланды. 1980 жылдары Бангладеш Оңтүстік Азия елдерімен ынтымақтастықты кеңейту үшін аймақтық ынтымақтастық бойынша Оңтүстік Азия қауымдастығын құруда жетекші рөл атқарды. Ұйым 1985 жылы құрылғаннан бері Бангладеш екі рет төрағалық етті.

Бангладеш Үндістанмен ең маңызды және қайшылықты қарым-қатынасқа ие. Елдер арасындағы қарым-қатынастар мәдени-тарихи байланыстар негізінде қалыптасады және ел ішіндегі талқылаулардың маңызды бөлігі болып табылады. Үндістанмен қарым-қатынастар Тәуелсіздік соғысы кезінде көрсетілген әскери және экономикалық қолдаудың және соғыстан кейінгі қалпына келтіру кезіндегі көмектің арқасында оң нотада басталды. Уақыт өте келе елдер арасындағы қарым-қатынас мүлдем басқа себептермен өзгерді.

Негізгі «даулы мәселе» Фаракка бөгетінің құрылысы мен жұмысы болып қала береді [41]. Үндістан 1975 жылы Бангладешпен шекарадан 18 км (11 миль) жерде Ганг өзенінде бөгет салуды бастады. Бангладеш шенеуніктері бөгет елдің ауыл шаруашылығына қажетті судың үлкен көлемін алып жатқанын және табиғи апаттардан көп зардап шеккен елде техногендік апаттардың деңгейін арттыратынын айтады. Бөгет салу қоршаған ортаға өте жағымсыз әсер етті [41]. Үндістаннан жалпы ұзындығы 2500 миль (4000 км) шекараға жақын жерде пана тапқан Үндістанға қарсы сепаратистер мен ислам содырларына, сондай-ақ заңсыз иммигранттар ағынына назар аударуға шақырулар бар. қорғау үшін Үндістан тіпті тікенек сымдардан қорғаныс құрылымдарын салған [42]. Дегенмен, 2007 жылы өткен Оңтүстік Азия өңірлік ынтымақтастық қауымдастығының саммитінде екі жақ шекара мәселелерін, сондай-ақ қауіпсіздік пен экономикалық дамуға қатысты мәселелерді бірлесіп шешуге уағдаласты [43].

Бенгальдықтар салттары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бенгальдықтар бүкіл елді тығыз жайлаған. Олардың көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Үйлерін бамбуктен, ағаштан немесе кірпіштен биік жерлерге салып, шатырын сабан, пальма жапырақтармен, дәулеттілері қаңылтырмен жабады. Өзендер арнасынан асып, жайыла тасыған кезде жұрт бір-біріне көбінесе қайықпен қатынайды. Үйлердің айналасында аяқ басар бос жер болмайды.Әрбір сүйем жер дәнді дақыл егуге, шай және қант құрағын, сондай-ақ жеміс ағаштырын өсіруге пайдаланылады.

Көлдете суарылатын жерлерге бенгальдықтардың басты тамағы – күріш егіледі. Жерді өңдеуге буйволдарды көбірек пайдаланады, ал енді күрішті су кешіп жүріп қолмен отырғызады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Constitution of Bangladesh. Басты дереккөзінен мұрағатталған 6 наурыз 2012.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 6 наурыз 2012., Part V, Chapter 1, Article 66; University of Minnesota, retrieved: 2010-08-28
  2. Health Bulletin 2016.
  3. Data Мұрағатталған 4 қыркүйектің 2011 жылы.. Census – Bangladesh Bureau of Statistics.
  4. a b c d World Economic Outlook Database, April 2019.
  5. Human Development Report 2018 – "Human Development Indices and Indicators". HDRO (Human Development Report Office) United Nations Development Programme. Тексерілді, 15 қыркүйек 2018.