Балықоты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Балықоты
кіші балдыршөп
кіші балдыршөп
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Дара жарнақтылар
Сабы: Alismatales
Тұқымдасы: Araceae
Кіші тұқымдасы: Lemnoideae
Тайпасы: Lemneae
Тегі: Lemna
Карл Линней
түрлері

14 түрі белгілі

Балықоты, балдыршөп (лат. Lemna) – шаяноттар тұқымдасына жататын су бетінде қалқып немесе су ішінде өсетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер.

Қазақстанда 3 түрі: бүкір, үшқұлақты, кіші Балықоты Тобыл, Есіл өзені бойында, ағынсыз не ағыны аз, тұщы суларда өседі. Жапырақтары жойылып кеткен нежұқа қабыршақ түрінде сақталған, сондықтан Балықотының денесі жапырақтың да, сбақтың да, кейде тамырдың да рөлін атқарады. Өте сирек гүлдейді. Жемісі қапшық тәрізді. Аталық және аналық гүлдері бір жерде топтасып гүлшоқырын құрайды. Олар өсімді (вегетативті) жолмен көбейеді. өсімдік денесінің төменгі жағындағы қалташықтарының ішінде кішкене тақташалар түзіліп, кейін олар бүлініп, жеке өсімдікке айналады. Балықоты тақташаларның құрамында 24%-тей протеин, 17 — 20%-тей клетчатка болғандықтан, оларды балықтар мен су құстары қорек етеді. Кепкен күйінде үй жануарлары, әсіресе доңыздар үшін пайдалы. Халық медицинасында дененің қызуын басатын дәрі ретінде пайдаланылады. Балықоты — су бетінде қалқып өсетін, кең тараған өсімдік. Кейде кішігірім су объекті айдынын тұтас басып кетеді. Бұл [[құбылыс|құбылысты}} қате түсініп, зиянды су көздерінің "көктеуі" ретінде қабылдайды. Іс жүзінде балықот көмір қышқылын жедел түрде сіңіріп, көп мөлшерде оттек бөліп шығарады. Бүл өсімдік суды көптеген зиянды заттардан тазартады. Көптеген ағыссыз, тұйық су көздеріндегі тіршілік тек осы өсімдіктің арқасында ғана мүмкін болады. Суларды тазартуда (әсіресе фенолдық қосындылардан) тұңғиықта өсетін харалық су өсімдіктері (хара, нителла, топелла және т.б.) үлкен рөл атқарады. Бұлар споралық өсімдіктер. Су өсімдіктерінің тазартқыштық қасиеттерін көптеген кәсіпорындарда ақаба суларды тазартуға табысты түрде қолданады. Бүл үшін арнайы қамыс және басқа да су өсімдіктері отырғызылған хауыздар салынады.

Суды мекендейтін жабайы құстар мен балықтардың қорек көзі;

Әлемнің көптеген аймақтарында адамдар тағамға пайдаланады;

Суды табиғи тазалағыш ретінде пайдаланады;

Көлбақалар мен күннің көзін сүйетін балықтардың жасырынатын жері болып табылады.

Балықоты басқа өсімдіктермен салыстырғанда тез өседі. Қолайлы жағдай тудырғанда балықоты өсіп тұрған аймақ небәрі екі күнде екі есеге дейін ұлғаяды.

Балықоты тропикалық және полярлық белдеулерден басқа жерлердің бәрінде кездеседі.

Қасиеттері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Түсі ашық жасыл;

Сабақтары болмайды;

Жапырақтары болмайды;

Кейбір түрлерінде шағын тамырлары бар;

Жапырақтарға ұқсайтын ұсақ, жалпақ, пішіні сопақша немесе дөңгелек сақиналары болады;

Көлеңкеде де, күннің көзінде де өсе береді;

Құрамында көп мөлшерде амин қышқылдары бар;

Жемістері ауамен толтырылынған, бір тұқымды;

Бүршіктену арқылы көбейеді;

Гүлдері кішкентай және қарапайым.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том