Базз Олдрин
Олдрин Базз (ағылш. Buzz Aldrin; 20 қаңтар 1930, Нью-Джерси, АҚШ) – АҚШ ғарышкері.[1] Әскери Әуе Күштерінің (ӘӘК) отставкадағы полковнигі. Уэст-Пойнттағы (Нью-Йорк штаты) АҚШ Әскери академиясын бітірген (1951). 1963 жылы ғарыш кемелерін ғарышта түйістіру тақырыбына арналған докторлық диссертация қорғап, НАСА-ның астронавтар тобына қабылданды. Олдрин – ғарышқа ұшуға дайындық кезінде скафандрмен суға батуды жүзеге асырған алғашқы астронавт. 1966 жылы қарашада Джемини-12 ғарыш кемесімен екінші пилот ретінде ғарышқа ұшып, ашық ғарыш кеңістігінде 2 сағат 10 минут болды. 1969 жылдың 16 – 24 шілдесінде Н.Армстронг пен М.Коллинз-бен бірге “Аполлон-11” ғарыш кемесімен Айға алғашқылардың бірі болып ұшып барды. О. ай бетіне Армстронг екеуі шығып, онда 21 сағ. 36 мин болып ғыл.-зерт. жұмыстарын жүргізді; 1971 – 72 жылы АҚШ ӘӘК-нің Эдуардстағы (Калифорния штаты) ұшқыш-сынақшылар дайындайтын мектебінің басшысы болды. Олдрин НАСА-ның “Ерен еңбегі үшін” алтын медалімен, көптеген елдердің ордендерімен, медальдармен марапатталған. 1972 жылдан отставкада. Researd and Enqіneerіng Consultants, Іnc. фирмасының (Лос Анджелес, Калифорния штаты) президенті.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы 7- том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |