Ақмия
Ақмия | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
S. chrysophylla flowers and leaves
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||
Sophora tomentosa L.[1] | ||||||||||||||||
Species | ||||||||||||||||
About 60-70 species; see text: | ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
Ammothamnus Bunge |
Ақмия (Goebelіa, Sophora) – бұршақтар тұқымдасына жататын ағаш не бұта; көпжылдық өсімдіктер туысы.[3]
Тропиктік және субтропиктік аймақтарда 50-ден астам түрі белгілі. Сабағы тік, оған тақ қауырсынды күрделі жапырақтары қарама-қарсы орналасады. Гүлшоғыры – шашақ. Әрбір гүлінің 5-тен тостағанша және күлте жапырағы болады. Аталығы 10, жіптері бос боп жетіледі, аналығы біреу, бір жеміс жапырағынан тұрады. Жемісі көп тұқымды ұзын бұршаққап, буынданып келген, екі жақтаумен ашылады. Тұқымының сырты жылтыр, түсі қоңыр. Бұлар негізінен бояу,бал беретін және бағалы дәрілік өсімдіктер.
Түрлері мен сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ақмияның Қазақстанда кәдімгі aқмия және есекмия aқмия деп аталатын 2 түрі өседі. Кәдімгі ақмия немесе софора (G. alopecuroіdes) – Қазақстанның барлық жерлерінде кездеседі. Биіктігі 40 – 100 см. Сабағы тік, жоғары жағы бұтақтанған. Тақ қауырсынды жапырағының ұзындығы 10 – 20 см. Ақшыл не сарғыш гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Тұқымынан көбейеді. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Оның құрамында алкалоид бар. Сондықтан тұқымы улы. Есекмия (G. pachycarpa) тау бөктері мен қыратта, сары құм топырақты жерлерде өседі. Биіктігі 30 – 60 см. Сабағы бұтақты, қалың жапырақты, тықыр, түкті болады. Дара жапырағы қауырсын тәрізді, жапырақшалары 6 – 12 жұптан тұрады. Гүлі ақшыл сары түсті. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, шілдеде жеміс береді. Тұқымы – қоңыр, сырты біркелкі тегіс.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Sophora L.. TROPICOS. Missouri Botanical Garden. Тексерілді, 28 қаңтар 2010.
- ↑ Genus: Sophora L.. Germplasm Resources Information Network. United States Department of Agriculture (3 қараша 2006). Тексерілді, 23 қараша 2009.
- ↑ Қазақ энциклопедиясы, ҚР табиғаты
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |