Ахатин ұлуы
Ахатин ұлуы (лат. Achatina fulica) тропиктік климатты мемлекетте кең тараған. Сол себепті-бұл ұлулар көбінесе АҚШ және Африка да кең таралған. Қолда өсетін үй жануары.Оның 100 ден аса түрі бар. Бұл жануар көбінесе-үй жануары ретінде асыранылады.
Құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ахатин ұлуы созылғанда 15-18 см болады.Ахатин ұлуының жасын сауытындағы ирегінен білуге болады.Олар 10 жыл өмір сүре алады. Оның қабықшасының түсі тамақ жеуіне байланысты емес, өз ата тегіне байланысты қалыптасатын жануар. Кәрі ахатин ұлуларының қабықшасы 7-9 бөлікке дейін бөлінеді. Олар өсе бастағанда қабықшалары жасылдана бастайды.
Тамақтануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі тамақтануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ахатиндар қолдан өсірілетін азық-түліктермен қоректенеді және азық-түліктердің жұмсақ болғанын қалайды. Ахатин кішкентай кезінде тірі өсімдіктермен қоректенгенді жақсы көреді, ал кәрілері өлі өсімдіктермен қоректенгенді жақсы көреді. Ахатин ұлулары өскен сайын, тамақты көп жей бастайды. Бұл ұлуларды қиярмен, асқабақпен, жапырақпен, жұмсақ жидектермен және құрамында ақуыздар көп болатын азық-түліктермен қоректендіру керек. Әсіресе кішкентай кезінде жұмырқаның қабығымен қоректендірген дұрыс. Себебі- оның қабыршағы жұмырқаның қабығын жеген сайын қатая бастайды. Арасында тауықтың етімен қоректендіруге болады. Бірақ тауықтың еті тұзсыз болуы керек. Оларға құрамында тұз, тұздалған, спиртталған заттар беруге болмайды.
Қосымша тамақтануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ахатиндардың қабыршағының өсуіне кальций карбонаты өте қажет. Сондықтан олар қосымша топырақпен, борлармен т.б. заттармен қоректенеді. Оларға кальций жетіскен сайын оның қабыршағы жақсы болып өседі және жақсы жетіледі.
Беруге болмайтын тамақтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ахатин ұлулары қайнаған тұзды беруге болмайды, оның өміріне өте қауіпті. Ол өліп мүмкін. Оған ащы, ашты заттарды және кофеин беруге болмайды.
Өмірлік циклі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ахатиндер-гермафродиттер, олардың жынысының жарты ағзасы еркектікі болса, жартысы ұрғашынікі болады. Олар еркек, ұрғашы болып бөлінбейді.Ахатин ұлулары жұптанудан кейін, спермиларын 2 жылға дейін сақтай алады. Олар 200 (кейде 300) жұмыртқа басады. Бір жұмыртқасының өлшемі 4,5—5,5 мм болады, формасы тауықтың жұмыртқасына ұқсас. Жұмыртқасы ақ түсті болып келеді. Эмбриондардың жетілуі үшін жұмыртқалар 24°C температурада болуы керек және бұл процесс бірнеше теулікке созылады, шамамен 3 апта. Жаңадан туған ахатин ұлулары ең алдымен өз жұмыртқаларының қалдығымен қоретенеді. Ең алғашқы жетілулері 6-15 айға дейін барады. Олардың қабықшасының өсуі 2 жылға дейін болады, содан кейін қабықшаларының өсу процесі ақырындай бастайды.
Жүріс-тұрысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ахатиндер түнде ғана көп қимылдап жүреді, егер күн жаңбырлы болса, күндізде жүре береді. Әдетте олар күндіз топырақтың астында немесе жапырақтардың астында тығылып жатады. Олар күн батқаннан соң 2 сағаттан кейін, белсенді қозғала бастайды. Ахатин ұлуларында еске сақтау қабілеті өте жақсы дамыған екендігін ғалымдар дәлелдеді. Олар 1 күнде не болғанын бүге -шүгесіне дейін біледі екен. Егер температура күрт көтеріліп немесе төмендеп кететін болса олар өз қабықшасына кіріп соның ішінде өліп кетеді.
Шыққан жері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олардың шыққан жері Африка:Кения және Танзания. Тағыда ғалымдардың айтуынша Оңтүстік Шығыс Азиядан тараған дейді.
Өмір сүруі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ахатиндер 24—29 °C температурада белсенді өмір сүреді, Ол тек 2°C температураға дейін шыдай алады. Олар 5-6 жыл көлемінде өмір сүреді, егер жақсы қараса 10 жылға дейін өмір сүреді.