Асу
Навигацияға өту
Іздеуге өту
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f2/%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%B2%D0%B0%D0%BB.png/220px-%D0%9F%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%B2%D0%B0%D0%BB.png)
Асу– тау жотасының табаны жалпақ, асып өтуге қолайлы жері. А. пайда болуына қарай эрозиялық (өзендердің тау басындағы аңғарының қарама-қарсы беткейлеріндегі кері эрозиялық әрекет нәтижесінде жақындасуынан пайда болған), тектоникалық (антиклинальді қатпарлану осінің өз орнында шөгуі және күмбезді қатпарлықтың жарықты бойлай төмен түсуінен пайда болған), мұздықтық (қардың бір-бірімен қосылуы және одан әрі тапталуы нәтижесінде пайда болған) болып бөлінеді. Кең, табаны жалпақ А-лар көлік қарым-қатынасында үлкен маңызға ие. Пайдаланылуына қарай жағынан жылдық, маусымдық болып ажыратылады. Қазақстанда биік тауларда Ақсу, Алтынемел, Күйік, Қордай, Құрметі т.б. А-лар бар.