Мазмұнға өту

Астық кенесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Астық кенесі

Астық кенесі , дән кенесі – түйе кенелер тұқымдасына жататын дәнді дақылдарды зақымдайтын зиянды кене. Қазақстанның солтүстік облыстарында кездеседі. Ұрғашы кене сарғылт немесе қызғылт сары түсті, ұзындығы 0,2 – 0,25 мм болады. Еркегінің ауыз мүшелері жетілмеген, кішірек келеді. Ұрықтанған ұрғашы кенелер аңызда, өсімдік қалдықтарының арасында қыстайды да, көктемде егіс алабына көшеді. Ұрықтарының саны 500-ден 1000-ға дейін жетеді, олар ұрғашысының ішінде дамиды. Астық кенесі арпа, қарабидай, сұлы, жүгері және астық тұқымдас жабайы өсімдіктермен қоректенеді. Кенелердің зақымдауы салдарынан өсімдіктердің жапырағы мен өркені солып қалады, масағы жартылай немесе тұтас ағарып кетеді. Ауыспалы егіс тәртібін дұрыс сақтау, кене байқалған егінге таяу өскен астық тұқымдас өсімдіктерді шауып тастау немесе гербицидпен өңдеу арқылы Астық кенесінің залалын жоюға болады.[1]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы I том