Мазмұнға өту

Астрахан хандығы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Астрахан хандығы
1459 — 1556



Астанасы Қажы-Тархан
Тіл(дер)і ескі татар және ноғай
Халқы 15-20 мың
Басқару формасы монархия
Династиясы Тоқа-Темір (Жошы ұрпағы)
 - (1459-1476) Махмұд (тұңғыш ханы)
 - (1554-1556) Дербіш-Әли (соңғы ханы)

Астрахан хандығы (1459-1556) — Алтын Орда ыдырағаннан кейін құрылған дербес мемлекеттердің бірі. Тақ үшін күресте туысы Ахмет ханнан жеңілген Үлкен Орда ханы Махмуд (1459 –1465) ата-бабасының иелігі Қажы Тарханға(Астрахан) қашып келіп, дербес хандық құрды. Оның аумағына Каспийдіңсолтүстік-батыс жағалауы, төменгі Еділ бойы, Солтүстік Кавказ енді.

Қысқаша сипаттама

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Орыс әскерінің Қажы-Тарханды жаулап алуы (1554). Бейнелі жылнамалар жинағы

Мемлекеттің жер аумағын ескеретін болсақ, ол ыдыраған Алтын Орданың ішіндегі ең кішісі. Батысында Кубань өзені мен Донның төмінгі ағысына дейінгі, ал оңтүстігінде Терек өзеніне дейінгі аумақты алып жатты. Шығысындағы шекарасы Бұзан өзініне дейін жеткен. Дәл осы жерде оның Ноғай Ордасымен шекарасы орналасатын. Халқы 15-20 мың адам шамасында болды. Негізінен, түркі тілдес тайпалардан тұрды. Көшпелі мал шаруашылығымен, аң, балық аулау, тұз өндіру, қолөнер, Бұзан бойындағылар аздап егіншілікпен айналысты. Әскерінің саны 3 мыңдай адам. Батыс пен шығысты жалғастырған Астрахан хандығы Русьпен, Қазанмен, Қырыммен, Хорезммен, Армениямен, Иранмен, Әзербайжанмен, Сібірмен, Ноғай Ордасымен, Қазақ хандығымен, Түркиямен саяси және сауда байланыстарын орнатты. Билеушілер Жошының кіші ұлы Тоқа-Темір ұрпақтары болды. Астрахандық ханзадалар Қазан мен Русьте маңызды қызметтерге ие болып, олардың тарихына елеулі ықпал етті. Бай сауда орталығы болғандықтан, Қажы Тархан көршілерінің шапқыншылығына жиі ұшырап отырды. Хандық өзінен әлдеқайда мықты Ноғай Ордасымен Қырым хандығының ықпалында болды. Қырым хандығы Астрахан тағына өзіне тәуелді хандарды отырғызатын. Бұл көршілес Ноғай Ордасының саясатына қарама-қайшы келгендіктен бірнеше қақтығысқа алып келген. 1492 жылы қаланы Сібір билеушісі Айбек хан басып алды. Үлкен Орда, Ноғай ордасы мен Қырым хандығы да Астрахан хандығының ішкі істеріне араласып отырды. XVI ғасырдың ортасында Астрахан хандығын Ресей жаулап алды.

Астрахан хандығының билеушілері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Астрахан хандығын 1459-1556 жылдары келесі билеушілер басқарды:

  • Махмұд (1459-1476)
  • I Қасым (1476-1495)
  • Әбіл-Керім (1495-1515)
  • Жәнібек (1515-1521)
  • Хусейн (1521-1527)
  • Шейх Ахмет хан (1527-1528)
  • II Қасым (1528-1531)
  • I Ислам Керей (1531)
  • II Қасым (1531-1532)
  • Ақ-Кубек (1532)
  • Әбділрахман (1533-1537)
  • Ақ-Кубек (1537-1540)
  • Әбділрахман (1540-1545)
  • Жамғыршы (1546-1547)
  • Жамғыршы (1549)
  • Дербішәлі (1550-1552)
  • Жамғыршы (1552-1554)
  • Дербішәлі (1554-1556)

[1][2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Балалар Энциклопедиясы, II- том
  2. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х